From Wikipedia, the free encyclopedia
Темперамент қасиеттеріндегі көптүрлілік даралық ерекшеліктер кешенін тұтастай сипаттай алмайды. Адамдар арасындағы айырмашылықтардың көптүрлілігі соншалық, олар өмірдің барлық қырларынан көрінеді. Адамдар тек сырт бейнесімен ғана емес, күллі психикалық құрылымымен, яғни басқа адамдар мен зеттаға қатысты әрекет-қылық мәнерімен, қарым-қатынасқа түсу тәсілдерімен ерешеленеді. Әр адамның психикасы мен тұлғасына қайталанбастық тән. Бұл адамның даралығын көрсетеді. Мінез – даралықтың негізгі құраушы бөлігі.
«Мінез» сөзі өмірде және көркем әдебиетте кеңінен қолданылады. Басқа адамдармен қатынаса отырып әр адам өз мінезі танытады және өзгенікін бағалайды. Күнделікті өмірде қауым мінезді «жақсы», «жаман», «ауыр», «жеңіл» деп сипаттайды. Ара қатынасымыз бұзылған жағдайда, әдетте: «Мінезіміз келіспеді»,- деп жауап береміз. Түрліше мінез иелері ұқсас жағдайларда әр-түрлі ірекет етеді, күйзеледі. Егер біз келесі адамның мінезін жетік білетін болсақ, онда бізге оның әрекеттерін түсіну де оңайға соғады, ендеше, ол адаммен қатынасудың тиімді стильін таңдап, белгілі жағдайлардағы әрекет-қылықтарын болжай аламыз.
Мінез ерекшеліктері жайлы білім мамандарды жұмысқа қабылдауда, жауапты қызметке тағайындауда, бірлескен әрекетті орындауды тапсыруға байланысты топтарға біріктіруде маңызды. Сонымен қатар, шиеденістерді шешуде, ұжымда жағымды психолгиялық ахуалды орнатуда, қарым-қатынас тиімділігін арттыруда мінез жайлы түсінік аса қажет.
Мінез туралы алғашқы ғылыми түсініктер ерте заманнан келеді, ол әр адамның өзіндік адамгершілік қасиеттерінің мен ойларының боларын сипаттаған Аристотельдің есімімен байланысты. Оның шәкірті, ежелгі грек философы Теофраст (б.э.д. 372-287) адами ерекшеліктерді жүйелеп, оның 30 қасиетін көрсеткен, мысалы: сайқал, жасапмаз, сөзшең, т.б. Теофраст өзінің «Этические характеры» тракты арқылы ғылымға «мінез» (грек. сharacter – қасиет, сапа) терминін енгізген. Кейіннен, француз жазушысы Ж. Лабрюйер (1645-1696) ұзақ уақыт бойында зиялы қауымның қылықтарын бақылай келе, мінездің мыңнан аса типтік қасиеттірін сипаттаған. Психологияның басты мақсаты тұлға мен мінезді зерттеу деп есептеген А.Ф. Лазурский (1874-1917) мінездің мәнін, құрылымын, типтерін және дамуын қарастыратын психология ғылымының бір саласы – мінезнаманы жасады.
Бүгінгі күні мінез тұлғаның тұтастай көрінісі ретінде, зерттеу пәні адамдар арасындағы даралық ерекшеліктер болыпп табылатын, дифференциалды психологияда қарастырылады. Мінез дегеніміз адамның белгілі жағдаяттарда жасайтын типтік әрекеттерін сипаттайтын тұрақты даралық ерекшеліктердің бірлігі.
Темперамент тума факторларға, анатомо-физиологиялық ерекшеліктерге және, ең бастысы, жүйке жүйесінің қасиеттеріне тәуелді болса, мінез адамның заттық әлем және басқа адамдармен қатынасудың көптүрлі жүйесіне араласуына қарай, әлеуметтенуі мен тәрбиесіне байланысты қалыптасады. Адам мінезі оның шынайы өмірмен қатынасуына тәуелді қалыптасатындығы туралы теорияның негізін В.Н. Мясищев пен Б.Г. Ананьев қалаған. Қатынас, алғашында, тек нақты-эмоциональді деңгейде жүреді. Олар адамның күйзелістерін, шынайы өмірді қабылдау ерекшеліктерін, сыртқы әсерлерге жауап қылықтарын анықтайды. Адамдармен жағымды не жағымсыз қарым-қатынас тәжірибесі тұлғаның сәйкесінше ішкі қатынастар жүйесін орнатады. Қайталанбалы эмоциональді оңтайлы және кері әсерлер біртіндеп бекіп, тұрақты тұлғалық қасиетке, мінез сапасына айналатын әлдеқайда ұзақ мерзімді психикалық күйге ұшыратады.
К.К. Платонов мінез сапаларының үш басты ерекшелігін анықтаған: олар айқын көрінуі керек, басқа қасиеттерімен тығыз байланыста болуы тиіс және әрекеттің әр түрінде жүйелі көрініп отыруы қажет.
«Тұлға сипаты» және «мінез сапалары» ұғымдары, көбінекей синонимдер ретінде қолданыады, алайда оларды айыра білуіміз керек. Психологиялық түсінік ретінде тұлға, өзінің бір ғана құраушы бөлігі болып табылатын, мінезге қарағанда әлдеқайда ауқымды. Тұлғаның өзегі - қажеттілікті-мотивациялық аймақ. Жетекші мотивтер, құндылықтар және мақсаттар тұлға бағыттылығын анықтайды. Тұлға сипатының құрамына оның бағыттылығын анықтайтын қасиеттері енеді. Өзінің басты құндылықтарына қол жеткізу үшін адам түрліше мінез сапаларын таныта не оларды өзгерте алады. Сондықтан, тұлға мінезге қарағанда әлдеқайда жоғары инстанция.
Адам өмірі қарым-қатынасқан адамдарымен, тәрбие алу жағдайларымен ерекшеленеді. Сонымен қатар даралық дамудың табиғи алғышарттары да әр түрлі. Сондықтан, әр адамда тек өзіне ғана тән, қайталанбас мінез бітістері мен сапаларының бірлігі қалыптасады. Алайда, мінез даралық ерекшелік көрсеткіші болуымен қоса, басқа адамдармен ортақ қырларымен танымал. Ұқсас жағдайларда, бір ортада өмір сүретін адамдар үшін типтік мінез бітістері тән. Мәселен, бұрынырақта еліміздегі адамдарға нұсқаумен жүру, енжарлық, тәртіптілік тән болса, қазірде өзбетті, тәуелсіз, бастамашыл адамдар жиі кезігеді. Осыған қоса, қоғамның әр мүшесі басқа нақты бір топтың мүшесі болып табылады, ол: отбасы, оқу тобы, өндіріс ұжымы, түрліше ресми емес топтар. Олардың әрқайсы адамның мінезінде өзіндік рең қалдырады. Мінездің мәні - даралық және типтік ерекшеліктердің бірлігінде. кез келген қатынас мінезқалыптастырушы болмайды, тек өмірлік маңызды қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысты, материалды және рухани қажеттіліктермен байланыстылары ғана. Ең алдымен бұл қоғамға, басқа адамдарға, еңбекке, өзіне, заттарға қатынасы.
Қоғамға және өзге адамдарға қатынас адамгершілік қасиеттерді қалыптастырады. Ізгіліктілік, шыншылдық, әділеттілік – адамгершілік дамудың жоғары сатысын сипаттайды. Өзімшілдік, қатігездік, жалғандық, керісінше, мінездегі адамгершіліктің таяздығына көрсеткіш. Басқа адамдармен қатынаста коммуникативті қатынастар ерекше орын алады: мейірмандық, елгезектік, сезімталдық, ашықтық, шыншылдық, сыпайылық. Мұндай мінез сапаларының иегері түрліше жағдайларда тиімді қарым-қатынаста бола алады: отбасында, жұмыста, әрәптестерімен, достарымен. Олар әлеуметтік-мәдени айырмашылықтарға қатысты туындайтын психологиялық бөгеттерді, не қарым-қатынас барысында пайда болған негативті сезімдерді, мысалы, сенімсіздік, қызғаныш, жаратпаушылықты, оңай жеңеді.
Адамгершілік және коммуникативті мінез сапалары мұғалімдердің кәсіби маңызды қасиеті болып табылады. Мұғалім үшін пәндік білім мен педагогикалық дағдылары игеру қаншалықты маңызды болса, кәсіби мәнді мінез сападарын өз бойында қалыптастыру да саншалықты мәнді. Адамның еңбекке қатынасынан еңбексүйгіштік, жауапкершілік, тәртіптілік қалыптасады. Қарсылықтарды жеңуден тұратын еңбек пен оқу әрекеті ерікті мінез сапаларының дамуын қамтамасыз етеді, ол: мақсатқа бағыттылық, табандылық, өзбеттілік, шыдамдылық.
Адамның өзіне деген қатынасы өзіндік таным құрылымында когнитивті, эмоциональді, бағалаушы компоненті ретінде қалыптасады. Ерте балалық шақтан бастап, бүкіл өмір бойы қоршаған адамдар баланың әрекет-қылықтарын бағалап өтеді. Бұл қатынас адамның өз-өзіне деген ішкі психологиялық қатынасына, мінез сапасына айналады. Балаға деген қатынас типінің басымдылығына қатысты мінезде қарапайымдылық не масаттанушылық, өзіндік сыншылдық не өз-өзіне сенімділік, намысшылдқ не бәсеңдік, өз-өзін бағалау немесе толымсыздық сезімі пайда болады. Адамның заттарға қатынасы да аса маңызды. Нәресте туғанынан басқа адамдардың еңбегімен жасалған заттарды қолданады. Жасы өскен сайын баланың заттарға деген қажеттіліктері арта түседі. Заттар дегеніміз - ойыншықтар, кітаптар, киімдер, ыдыстар, т.б. Бір бала ойыншығын сындырса, оған ұрысады, ал екіншісіне келесіні сатып әпереді. Бір бала жолдасына өз ойыншығын бермесе, келісі бірі өз ойыншықтарын таратып салады. Осыдан біртіндеп балада ұқыптылық, ашықтық не негативті қасиеттер жинақталады.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.