From Wikipedia, the free encyclopedia
Мэтью Стюарт (ағылш. Matthew Stewart; 21 қыркүйек 1516 — 4 қыркүйек 1571) 1526 жылдан бастап 4-Леннокс графы — шотландиялық барон, 1570–1571 жылдардағы Шотландия регенті, королева Мария Стюарттың билік кезінде проағылшындық партияның жетекшісі.
Мэтью Стюарт, 4-Леннокс графы ағылш. Matthew Stewart, 4th Earl of Lennox | ||
| ||
Лауазымы | ||
---|---|---|
| ||
1526 — 1571 | ||
Ізашары | Джон Стюарт, 3-Леннокс графы | |
Ізбасары | Чарльз Стюарт, 5-Леннокс графы | |
Өмірбаяны | ||
Діні | Католицизм | |
Дүниеге келуі | 21 қыркүйек 1516 Дамбартон, Батыс Данбартоншир, Шотландия | |
Қайтыс болуы | 4 қыркүйек 1571 (54 жас) Стерлинг, Шотландия | |
Династия | Стюарттар | |
Әкесі | Джон Стюарт | |
Анасы | Элизабет Стюарт | |
Жұбайы | Маргарет Дуглас | |
Балалары | Генри Стюарт Чарльз Стюарт | |
өңдеу |
Мэттью Стюарт 1526 жылы Ангус графы қамауда ұстап отырған V Джеймсті босатуға тырысып, қайтыс болған 3-Леннокс графы, Джонның үлкен ұлы.
Жас Мэтью Францияда тәрбиеленіп, Шотландияға 1543 жылы патша V Джеймс қайтыс болғаннан кейін ғана қайтып оралды. Француз үкіметі Ленноксты жесір Мария де Гиз және кардинал Битон басқарған Шотландиядағы француздық партияны нығайту үшін пайдалануды жоспарлады. Алайда, мұрагерлер тізімінде мемлекеттің регенті Арран графы, Джеймс Гамильтоннан кейін екінші болған (Леннокс II Джеймстің қызы ханшайым Мәриямның шөбересі) Леннокс болашаққа өз жоспарлары болды. 1543 жылдың аяғында регент Франция жағына өткен соң, Мэттью Стюарт Ангус графының проағылшын партиясына қосылып, елдің батыс аймақтарында көтеріліске шықты. Леннокстың жағдайының өзгеруін білмеген Франция патшасы жіберген қару-жарақ пен қаражатты пайдаланып, Глазгоны басып алды, бірақ көп ұзамай үкімет әскері қоршауға алып, ол Англияға қашып кетті.
Англияда Леннокс 1544 жылы VIII Генримен келісімшарт жасасты, оған сәйкес батыс Шотландияны жаулап, Мария Стюартты ағылшын патшасына тапсыру керек болды. Бұл үшін Леннокс ағылшындардың қолдауымен Шотландия регент қызметін алар еді. Сонымен қатар, VIII Генри Мэтью Стюартты апайы Маргарита Тюдордың қызы Маргарита Дугласқа үйлену тойын ұйымдастырды. Бұл болашақта Леннокстың ұрпақтарына Англияның тағына талап етуге мүмкіндік берді. 1544 жылдың ортасында ағылшын әскерін басқарған Мэтью Шотландияға басып кірді, бірақ жеңіліске ұшырады. Келесі жылы Леннок Батыс Шотландияның таулы кландардың көтерілісін көтерді, алайда профранцуз үкіметі құлдыраған жоқ. 1546 жылы кардинал Битонның өлімі Ленноксқа елдің батыс бөлігіндегі ең маңызды бекініс Дамбартон қамалын басып алуға жол берді, бірақ Арранның күштері оны қайтарып алды. 1548 жылы Леннокстің жаңа шабуылы Дамфрис түбінде бұрқ етті. Мэтью Стюарт әскери іс-қимылдарының толық құлдырауының нәтижесінде Англияға оралуға мәжбүр болды, онда 20 жылдай уақыт өткізді. Сол уақытта, Леннокстардың Шотландиядағы мүлкі де опасыздық үшін тәркіленді.
1561 жылы графтың алдында Шотландияда Мария Стюарттың тәуелсіз билігінің басталуынан кейін жаңа мүмкіндіктер ашылды. Мария Стюарттың бірінші күйеуі Франция королі, II Франсуа қайтыс болғаннан кейін жесір қалған соң жаңа некелік нұсқаларды іздеу бастады, ал Леннокс мұны пайдалануды шешті. Маргирита Дугластан туған үлкен ұлы Дарнли лорды, Генри — Шотландия патшаларының да, Англия патшаларының да ұрпағы болды. 1564 жылы Леннокс Шотландияға қайтып оралып, құқықтары мен атақтарын қалпына келтірді. Көп ұзамай оның артынан ұлы Генри келді. Таныстырудың алғашқы күндерінен бастап Мария Стюарт жас Генримен әуестенді және күтпеген жерден 1565 жылғы 29 шілдеде оған тұрмысқа шықты. Шотланд барондардың көп бөлігі некеге разы болмады, бірақ олардың патшайымға қарсы әрекеттері табанды түрде басылды. Бірақ бұл неке бақытсыз болып шықты: Мария Стюарт тез оның жұбайынан көңілі қалды, көп ұзамай жарқын Ботвелл графына ғашық болды. Дарнли лордқа қарсы қастандық орын алды және 1567 жылғы 9 ақпанда ол өлтірілді.
Патшайымға жабылған ұлының өлтірілуі туралы сыбыстар Ленноксты оппозицияға көшуіне себеп болды. Морей графымен бірге ол Марияны тақтан құлатуға бағытталған шотланд барондарының қозғалысына жетекшілік етті. 1567 жылғы 24 шілдеде патшайым тақтан тайдырылды, ал кәмелетке толмаған ұлы VI Джеймс патша деп жарияланды. Морей графы Шотландияның регенті болып сайланды. Алайда, Арран графы және Хантли графы басқарған патшайымның жақтастары елде бүлік жасап, азаматтық соғыс бастады. 1570 жылдардың басында Морейді Марияның жақтаушысы өлтірді. I Елизабеттің қолдауымен Шотландияның жаңа регенті Леннокс графы сайланды.
Ленноксты регент ретінде тағайындау тек шотланд ақсүйектердің ішіндегі қарама-қайшылықтарды күшейтті. Күшейтілген «Патшайымның партиясы» Эдинбургты басып алып, солтүстік-шығыс және батыс Шотландиядан регенттің жақтастарын қуып жіберді. Жауап ретінде Леннокс Дамбартонды басып алып, Аргайл мен басқа да бүлікшілермен татуласып, азаматтық соғыс бағытын өзгертуге мүмкіндік жасады. Бірақ Леннокс графы аяқталғанын көре алмады: 1571 жылғы 3 қыркүйекте Марияның жақтастары Стерлингте регенттің резиденциясына кіріп, оны өлтірді.
1544 жылы ол 6-Ангус графы, Арчибальда Дуглас пен Шотландия королі IV Джеймс Стюарттың жесірі Маргарита Тюдордың қызы Маргарита Дугласқа (1515–1578) үйленді. Балалары:
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.