From Wikipedia, the free encyclopedia
Муслим ибн әл-Хәджадж, көбірек қолданылатыны - Муслим (араб.: أبو الحسين مسلم بن الحجاج القشيري النيشابوري), (202 немесе Һиджра бойынша 206—261, Григориан күнтізбесі бойынша 821 — 875) — біртуар Ислам қайраткері, ең танымал хадистер жиынтығының авторы — Сахих Муслим. Толық аты — Муслим ибн әл-Хәджадж ибн Муслим әл-Қураши ән-Найсабури[1].
Муслим ибн әл-Хәджадж Нишапур атаулы парсы қаласында туған. Алғашқы білімін жергілікті дін ғалымдарынан алған. Муслимнің әкесі Хәджадж - хадистер жинаушы болған. Оның арқасында, Муслим жас кезінен хадис үйрене бастаған. Кейіннен, Мұхаммед пайғамбардың ﷺ һадистерін жинау үшін, ол Таяу Шығыс елдеріне аттанады — Ирак (Бағдатқа кіреді), Мысыр, Хиджаз. Муслимнің мұғалімдерінің арасында, әл-Бұхари, Абдуллаһ ибн Масләмә әл-Канаби, Хармала ибн Йахйа, Ахмад ибн Юнус секілді керемет ғалымдар болған. Ол да мухаддис болған. Одан хадис үйренгендер - Әбу Ауана Яқуб ибн Исхақ әл-Асфараини, Әт-Тирмизи, Ахмад ибн Ханбал.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.