![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/93/Murgab.jpg/640px-Murgab.jpg&w=640&q=50)
Мургаб
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мургаб, Мұрғап[1] – Ауғанстан мен Түрікменстан мемлекеттері аумағында орналасқан өзен. Ұзындығы 978 км, су жиналатын алабының ауданы 46,9 мың км². Бастауын Гиндукуш тауының Сафедкох (Ферозкох) жотасының баурайынан алып, Түркістан жотасының оңтүстік беткейлерінен ағып өтеді.
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/74/Gorskii_04414u.jpg/640px-Gorskii_04414u.jpg)
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/93/Murgab.jpg/320px-Murgab.jpg)
Түрікменстан жерінде аңғары кеңейіп, солтүстікке қарай суару жүйесіне тарамдалған. Мары қаласының маңында Қарақұм каналымен қиылысады. Салалары: Абикайсор (оң), Кашан, Гушгы (сол). Орташа су ағымы 52 м³/с. Өзен қар, мұз және жер асты суларымен толығады. Наурыз-мамыр айларында су деңгейі көтеріледі, қыста қатпайды. Мургабта 6 бөген салынған. Суы жер суаруға пайдаланылады. Мургаб бойында – Иолотан, Мары, Байрам-Али қалалары бар. Мургаб антикалық замандағы авторлардан бастап тарихи деректерде жиі кездеседі. Көптеген зерттеушілер ежелгі Бактрия мен Маргиана аймақтарын (Әмудария мен Мургаб өзендерінің жағалауы) амюргий-сақтар (хаумаварга-сақтары) мекендеген деп топшылайды.
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы
- Қазақстан энциклопедиясы, VI-том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |