Мосул
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мосул қаласы (Ирак) – Ирактың солтүстігіндегі Найнава мухафазындағы қала.
Елордасы Бағдаттың солтүстік-батысында 396 км қашықтықтағы Тигр өзенінің бойында орналасқан. Халық саны 1 800 000 адам (2008 жылғы халық санағы бойынша). Халқын негізінен күрдтер, арабтар, ассириялықтар, армяндар, еврейлер мен түрікмендер құрайды. Қалада Ирактағы ірі университеттердің бірі – Мосул универсиеті бар. Мосудың тұрғындары мен қаладан шыққан адамдар – маслави деп аталады. Қаланың тарихы көне болып саналады. Қала жайында алғашқы деректер біздің заманымызға дейінгі 700 жылдың ескерткіштерінде ұшырасады. 16 ғасыр мен 1918 жылға дейін қала Осман империясының құрамында болған.