From Wikipedia, the free encyclopedia
Моншақ — мойынға тағатын әшекей бұйым. Моншақ ұсақ, түрлі-түсті, пішіні әр түрлі (шар тәрізді, сопақша, қырлы) болады. Асыл тастардан, басқа да бағалы заттардан жасалынады. Моншақ сөзі екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған. Сөздің алғашқы буыны “мон” көне түрік тіліндегі бойун (бойын), богін, “Кодекс куманикусте” кездесетін “Мойын” – дене мүшесінің атауы екендігі аңғарылады. Ал сөздің екінші сыңары жәй жасаушы жұрнақ қана емес. Көне түрік тілінде “Чағ”, “Чек” мағынасындағы сөздер қазіргі ұғымымызда байлау етістігі орнына жұмсалған, яғни Моншақ сөзінің әу бастағы алғашқы мағынасы “мойынға байлау” екендігі сөзсіз. Моншақтың сонау ерте замандарда қолданыста болғандығын қазба жұмыстары нәтижесінде табылған әшекей бұйымдары дәлелдейді. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан, Ежелгі Египетте шыныдан, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда, т.б. жерлерде шыныдан, асыл тастардан жасалды.[1]
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.