![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/41/Monazit_-_Madagaskar.jpg/640px-Monazit_-_Madagaskar.jpg&w=640&q=50)
Монацит
From Wikipedia, the free encyclopedia
Монацит (грек. monazo – жалғызбын) – фосфаттар класының минералы. Химиялық формуласы: (Ce, La ...) [PO4]. Минералдың құрамына қоспа ретінде Th, Sі, U, Ca, S, Mg, Mn, Pb, Fe, Al кіреді. Бұлардың ішіндегі құндысы – торий тотығы (ThO2). Моноклиндік сингонияда кристалданады. Монацит атына сай дара, пішіні призмалы кристалдар түзеді. Минералдарының түстері сарғыш, қоңыр, қызғылт қоңыр, жылтырлығы шыны тәріздес, жымдастығы бір бағытта жетілген; қатты Моос шкаласы бойынша – 5,5, тығыздығы 4,9 – 5,5 г/см3, көбінесе радиоактивті. Монацит гранит пегматиттерінде, кейде гидротермальдық доломиттер желілерінде циркон, апатит, магнетит, турмалинмен бірге шоғырланады; граниттер мен гнейстердің шайылуынан түсетін өзендік және теңіздік шашылымдардан өндіріледі; церий мен торийді өндіріп алуда қолданылатын шикізат. Кендері Бразилияда, Үндістанда табылды. Қазақстан (Мұғалжар, Алтай, Сарыарқа) интрузияларында, титан-циркон қорымдарында Монацит көптеп кездеседі.[2]
Monazite | |
---|---|
![]() | |
Негізі | |
Санаты | Минерал |
Химиялық формуласы | (Ce,La)PO4 |
Strunz classification | 08.AD.50 |
Ерекшеліктері | |
Түсі | Reddish brown, brown, pale yellow, pink, green, gray |
Кристал пішіні | Commonly as prismatic or wedge-shaped crystals |
Сингониясы | Monoclinic |
Twinning | Contact twins common |
Үгітіндісі | Distinct on [100] poor on [010] |
Агреттары | Conchoidal to uneven |
Моль шкаласы бойынша минерал қаттылығы | 5.0 to 5.5 |
Streak | White |
Diaphaneity | Translucent to opaque |
Үлес салмағы | 4.6–5.7 (4.98–5.43 for Monazite-Ce) |
Оптикалық сипаты | Biaxial (+) |
Refractive index |
nα = 1.770–1.793 nβ = 1.778–1.800 nγ = 1.823–1.860 |
Pleochroism | Weak |
2V angle | 10–26° |
Басқа сипаттамалары | Radioactive if thorium-rich, dull brown cathodoluminescence, paramagnetic |
Дереккөздер | [1] |
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/4/41/Monazit_-_Madagaskar.jpg/640px-Monazit_-_Madagaskar.jpg)
Оптикалық оңқай, 2u = 11 — 14°, Ng =1,837 (1,849), Nm = 1,787 (1,801); Np =1,785 (1,800).
Кристалдық бейнесі призма немесе таблетка тәрізді жұқа болады. Қоспақтары көбінесе ұсақ кристалды түрде кездеседі. Кейде ірі кристалдары да (біриеше килограмм) болады.