From Wikipedia, the free encyclopedia
Мичиган штатының университеті (ағылш. Michigan State University, MSU) — Америка Құрама Штаттарының мемлекеттік университеті.
Мичиган штатының университеті | |
Ұраны: | |
---|---|
. ағылш. Advancing Knowledge. Transforming Lives. | |
Университет атауы | |
Халықаралық атауы | Michigan State University |
Жалпы сипаттамасы | |
Құрылған жылы | 1855 |
Түрі | Мемлекеттік |
Бюджет | $ 1.449 млрд. |
Орналасуы | |
Орналасқан жері | Ист-Лансинг, Мичиган, АҚШ |
Кампус | Қала маңы |
Әкімшілік | |
Президенті | Лу Анна Симон |
Негізгі көрсеткіштер | |
Мамандар | 4900 |
Бакалавриат | 47131 |
Аспирантура | 11073 |
Сайты | www.msu.edu Ресми сайты |
өңдеу |
Мичиган штатының Ист-Лансинг ауданында орналасқан. 1855 жылы негізі қаланған. Оқу үш ғимаратта 1857 жылдың мамыр айында басталған, осы кезде бар болғаны 5 мұғалім және 63 студент болды. 2010 жылы университетте 47 131 студент білім алып (36 058 бакалаврлар, 11 073 магистрлер және аспиранттар), шамамен 4 900-дей мұғалім жұмыс істеді. 130 мемлекеттен 5 351 шетелдік студент оқуда, оның ішінде 24 студент Ресейден.
Университетте 200-ге жақын академиялық бағдарлама бар. Ядролық физика, инженерлік жұмыс, политология, бизнес, журналистика, білім беру және остеопатия бойынша бағдарламалар АҚШ-тағы ең үздік бағдарламалардың бірі.
Университеттің кампусы 21 км²-ты құрайды, мұнда 556 ғимарат орналасқан: 100 оқу ғимараты, 131 ауылшаруашылық, 166 тұрғын және 42 спорттық ғимараттар. Жолдардың ұзындығы 42 км құрайды, ал жаяужолдар 160 км құрайды. Күзгі және көктемгі семестрлер кезінде университетте 7 автобус бағдары жұмыс жасайды. Ғимараттың жеке полиция бөлімшесі мен жеке медициналық орталығы бар.
2007 жылы Дубайда университеттің филиалы ашылды.
Университеттің атынан 12 ерлер және 13 әйелдер спорт командалары ойнайды. Хоккей командасынан басқа командалар «Спартанецтер» (ағылш. Spartans) деп аталады. Солардың ішінде айрықша американдық футбол, баскетбол, хоккей және ойлы-қырлы жерден жүгіру бойынша ерлер командалары өте танымал.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.