From Wikipedia, the free encyclopedia
Михаил Богданович Барклай-де-Толли (туған кезіндегі аты - Михаэль Андреас Барклай де Толли, нем. Michael Andreas Barclay de Tolly, 27.12.1761(16 желтоқсан) - 26.05.1818(14 мамыр)) - орыстың әскери қайраткері, әскери министрі, генерал-фельдмаршалы (1814 жылдан), князь (1815 жылдан), 1812 жылғы Отан соғысының батыры[1].
Михаил Богданович Барклай-де-Толли | |
Туған күні | |
---|---|
Туған жері |
Пакруой ауданы, Литва |
Қайтыс болған күні |
14 (26) мамыр 1818 (56 жас) |
Қайтыс болған жері |
Калиниград облысы, Ресей |
Мемлекет |
Ресей империясы |
Қызмет еткен жылдары |
1776 — 1818 |
Атағы |
генерал-фельдмаршал |
Басқарды |
Армияны, Ресей империясының 3-ші әскер министрі |
Ригаға көшіп келген шотландтық әскери қызметкер отбасында туған[2][3]. Барклай-де-Толли орыс-түрік соғысына (1787-91), орыс-швед соғысына (1788-90), наполеондық Францияға қарсы одақтық соғысқа қатысып, өзін дарында әскери басшы ретінде көрсетті. 1809-10 ж. Финляндия генерал-губернаторы. 1810-12 ж. әскери министрі, орыс армиясын күшейту жөнінде көп еңбек сіңірді. 1812 жылғы Отан соғысының бас кезінде 1-ші Батальондық армиясының командашысы. Француз әскерлерінің күші басым жағдайында кейін шегінудің дұрыс жоспарын ойдағыдай жүзеге асырып, орыстың екі армиясын бір жерге шоғырландырды. Алайда 1812 ж. армия мен дворян арасында кейін шегінуге наразылық туды[4]. Сондықтан ол армияны басқаруды М.И.Кутузовқа тапсыруға мәжбүр болды. Бородино шайқасында орыс әскерлерінің оң қанатына басшылық етіп, қорғаныста зор шеберлік, табандылық пен батылдықтың үлгісін көрсетті[5]. 1812 ж. қыркүйекте науқатығына байланысты армиядан кетті. 1813 ж. ақпанда 3-ші армияның, соңынан орыс-пруссия армиясының қолбасшысы болып тағайындалды. Барклай-де-Толли басқарған орыс әскерлері Кульм түбінде жеңіске жетіп, Наполеонның Лейпциг түбінде жеңіліске ұшырауына ықпал етті. 1814 ж. Парижді алуға қатысқаны үшін фельдмаршал дәрежесіне жоғарылатылды. Ол Инстербургте (Шығыс Пруссияда) қайтыс болды. үрдес өзінің Лифляндиядағы Беклор имениесіне әкелініп жерленді. Зиратының басына ескерткіш-мавзолей (1823 ж., мүсінші В.И.Демут-Малиновский), Санкт-Петербургте Қазан соборының алдында (1837 ж., мүсінші Б.И.Орловский) және Тартуда (1849 ж., мүсінші В.И.Демут-Малиновский) Михаил Богданович Барклай-де-Толлиға ескерткіштер орнатылған [6].
Лифляндиядағы Беклор имениесіндегі ескерткіш-мавзолей | Санкт-Петербург, Қазан соборының алдындағы ескерткіш | Великий Новгородтағы ескерткіш | Бородино әскери-тарихи мұражайының алдындағы ескерткіш |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.