![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e0/Fellatio2.svg/langkk-640px-Fellatio2.svg.png&w=640&q=50)
Минет
From Wikipedia, the free encyclopedia
Минет (/mʲɪˈnʲet/; фр. minette [mi.nɛt] «ұрғашы мысық» мағынасын беретін сөзінен шыққан) — жыныстық мүшенің ауызбен, тілмен, тіспен немесе қабылдаушы серіктестің тамағымен пассивті түрде қоздырылатын оралды секстің жалпылама атауы.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/e/e0/Fellatio2.svg/640px-Fellatio2.svg.png)
Минет, адамнан басқа, приматтар мен қолқанаттыларда байқалады.
Синонимдері: пенилинкция, фаллаторизм (гр. φαλλός — жыныстық мүше).
Жыныстық мүшені эрекцияға жеткізу үшін, толық емес эрекция кезінде, эректильді дисфункция кезінде, сонымен қатар жыныстық белсенділіктің орнына немесе вагиналды жыныстық акт ауыру тудыратын кезде жасалуы мүмкін.
Минетпен тек адамдар емес, приматтар мен жарқанаттар айналысады.
Пенилинкция, фаллаторизм (ежелгі-грек. φαλλός — жыныс мүшесі) сөздері минеттің синонимдері болып табылады. Хармстың күнделігіне сүйенер болсақ, 1920–30-шы жылдары минет сөзі куннилингусты да білдірген. Минет, адамдар белгілі бір себептермен классикалық жыныстық қатынасқа түсе алмайтын болса, біреуді қоздыру үшін, немесе егер ер адам эректильдік дисфункцияға (импотенция, қоза алмау) шалдықса жасалынады. Минет түрлері және тәсілдері:
Фелляция (лат. fello — сору) — сүю, жалау, сору, немесе ақырындап тістеу арқылы жыныстық мүшені қоздыру. Әдетте жыныс мүшенің басына ең көп көңіл бөлінеді. Қосымша стимуляция ретінде қабылдаушы серіктес қолдарымен/қолымен жыныс мүшесінің діңгегімен қайтымды-ілгерілеме қозғалыс жасайды.
Иррумация (лат. irrumatio — ir- — ішінде + ruma — емшек/үрпі) — оралды секстің белсенді түрі, фелляцияға қарағанда бұл үрдісте жыныс мүшесі ауыз қуысында өз еркімен, дербес қимылдайды. Қабылдаушы серіктес пассивты болып қалады. Иррумацияның ерекше түрі — шұңғыл тамақ. Қозып тұрған жыныс мүшесін толығымен ауызға, одан соң кеңірдекке дейін тығу. Бұл кезде фрикция(үйкелеу) өте жиі қолданылады. Иррумацияда жыныс мүшесін қабылдаушы адамның ауыз қуысына, одан соң тамағына өте белсенді түрде итермелейді.
Аутофелляция (еж. грек. αὐτός — өзім и лат. fello — сору) — өз-өзінің жыныс мүшесін жалап, немесе сору арқылы ляззат алатын минеттің бір түрі.
Қар атысу (ағылш. Snowballing, немесе ағылш. Cum-Swapping — шәует/ұрық айырбастау) — эякулятты ауыз қуысы арқылы сүйісіп не түкіріп серіктеске, немесе бірнеше серіктестерге беру. Ұрық сөлмен араласқаннан көпіріп ұлғаяды, соның арқасында оны келесі серіктеске/серіктестерге беру оңай. Бұл әдіс порнографияда өте жиі кездеседі.