From Wikipedia, the free encyclopedia
Минахас — Индонезияның Сулавеси аралының солтүстік-шығысында тұратын халық.[1][2] Жалпы саны 540 мың адам. (2010).[3]
Минахас | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
540 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Тілдері | |
минахас тілі | |
Діні | |
Филиппиндік аустронезия тіл аймағының минахас тілінде сөйлейді, малай тілінің манадо-малай нұсқасы да кең таралған.[4] Жазуы латын әліпбиіне негізделген.
Діні – христиандық (халықтың 90%-дан астамы), ислам, анимистік нанымдардың қалдықтары сақталуда.[5]
Негізгі кәсібі – егіншілік (жүгері, көкөніс, жеміс-жидек, күріш, кокос пальмасы, дәмдеуіштер); балық және мал шаруашылығы (шошқа, т.б.) дамыған.[6]
Минахас қауымдастықтары тайпалық бөлінудің қалдықтарын сақтаған, оларды ақсақалдар басқарады және көп балалы отбасылардан тұрады. Неке патрилокалды, үйлену тойлары шерулерімен сипатталады.
Ауылдары жол бойына созылған, барлығында дерлік шіркеу, аурухана, мектеп бар. Дәстүрлі қадалы тұрғын үйлері шалғай аудандарда ғана сақталған, қазіргі үйлері шағын отбасына арналған галереясы бар заманауи үйлер.
Дәстүрлі киімдері – саронг, кайн.
Негізгі тағамдары - дәмдеуіштері бар күріш, шошқа еті (христиандар арасында), жемістер.[7]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.