![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3a/Influenza_virus_particle_color.jpg/640px-Influenza_virus_particle_color.jpg&w=640&q=50)
Миксовирустар
From Wikipedia, the free encyclopedia
Миксовирустар (грек. mуxa – кілегей, шырыш және лат. vіrus –у, улы зат) – адамдарды, сүтқоректілер мен құстарды ауруға шалдықтыратын вирустар тобы. Вибриондарының (нуклеин қышқылы мен белокты қабықшадан тұратын вирустар) негізгі құрамы нуклеоидтан (рибонуклеопротеид) және сыртқы қабықшадан (белок, липид, көмірсу бар) тұрады. Миксовирустардың 2 тобы бар: ортомиксовирустар (грек. orthos – дұрыс) – адам тұмауы мен құс обасы ауруының вирустары. Вирионының мөлшері 80 – 120 нм (өте сирек жіпше тәрізді). Құрамында РНҚ, РНҚ - полимераза, сыртқы қабықшасында екі қатпарлы липидті гемаглютинин және нейраминидаза бар; парамиксовирустар (грек. nara – қасында, жанында) құстың жалған обасы мен қызылша ауруының қоздырғыштары. Вирионының мөлшері 150 – 500 нм, ортасында спираль тәрізді симметриялы нуклеокапсид орналасады. Құрамында РНҚ - полимераза (транскриптаза) ферменті болады. Ауру нәрестелерде ауыр өтеді. Алдын алу шаралары: тазалық сақтау, эпидемия паратитке, қызылшаға, тұмауға қарсы вакцина егу. Емдеу үшін ауру түрлеріне қарай қоздырғыштарды жою, уланған организмді тазарту керек.[1]
Сілтемелер
Дереккөздер
- Қазақ энциклопедиясы, 6 том
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/3a/Influenza_virus_particle_color.jpg/640px-Influenza_virus_particle_color.jpg)
![]() |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |