Мехмет шаһхада (түр. Şehzade Mehmed; 8 наурыз 160512 сәуір 1621) — I Ахмет пен Көсем сұлтанның үлкен ұлы[1].

Өмірбаяны

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Мехмет шаһзада
түр. Şehzade Mehmed
Туған күні

8 наурыз 1605 (1605-03-08)

Туған жері

Константинополь, Османлы мемлекеті

Қайтыс болған күні

12 сәуір 1621 (1621-04-12) (16 жас)

Қайтыс болған жері

Константинополь, Османлы мемлекеті

Әкесі

I Ахмет

Анасы

Көсем сұлтан

Close

Мехмет шаһзада 1605 жылы I Ахмет пен оның сүйікті күңі Көсем сұлтанның шаңырағында дүниеге келді. 1617 жылы I Ахмет қайтыс болғаннан кейін таққа оның ағасы II Осман отыру керек еді, ал қалған шаһзадаларды, Фатиха заңы бойынша, өлім жазасы күтіп тұрды. Алайда осыдан бірнеше жыл бұрын I Ахмет ұлдары туса да I Мұстафаға өмірін сақтап қалды. Тарихшылар Мұстафаның психикалық аурулары үшін таққа кауіп төндіруге қабілетсіз болғандықтан I Ахмет оны өлтірмеді деп санайды. Тағы бір себеп Көсем өзінің балаларынның болашағына қауіптенгендіктен Ахметті көндірді, себебі болашақ сұлтан Османның анасы басқа әйел еді, ал бұл Мехмет үшін үлкен қауіп туғызды. Нәтижесінде, әкесінің өлімінен кейін таққа оның есалаң інісі I Мұстафа отырды[2].

Баласыз Мұстафаның сұлтанаты қысқа болды: 1618 жылы төңкеріс нәтижесінде II Осман таққа шықты. Осман өз сұлтанатының үшінші жылы Польшаға соғыс жариялауға мәжбүр болды және билікті жаулап алудың алдын алу үшін болмаған кезінде 16 жасар Мехметті өлім жазасына кесуді бұйырды[3]. Мехмет Сұлтанахмет мешітінде әкесінің жаңында жерленді.

Өнерде

Дереккөздер

  1. TEZCAN, Baki The Debut of Kösem Sultan's Political Career // Turcica : Journal. — 2008. — Т. 40. — С. 347—359

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.