From Wikipedia, the free encyclopedia
АҚШ Метрополитен көркемөнер мұражайы – АҚШ-тың ең үлкен көркемсурет қоры. 1870 ж. негізі Нью-Йоркте қаланып, 1872 ж. ашылды. Орталық саябақта орналасқан, бөлімшесі Форт-Трайон саябағында. Метрополитен - Мұражай қоры негізінен жеке кісілердің мұражайға сыйға тартқан жәдігерлерінен жинақталған. Америкалық кескіндеме мен мүсін өнері, қару-жарақ, ежелгі египет өнері, ежелгі грек және ежелгі рим өнері, ислам өнері, орта ғасыр өнері (бөлімше), музыкалық аспаптар, гравюралар мен литографиялар, Еуропа кескіндемесі, 20 ғ. өнері, кітап мұражайы, балалар мұражайы, костюм институты, т.б. бөлімдерден тұрады. Мұражай қоры 400-ден астам экспозиц. бөлмелерге қойылған. Метрополитен - Мұражайында дүние жүзіне әйгілі шеберлер Б.Челлинидің (“Роспильози кубогі”), Рафаэльдің (“Әулиелермен отырған нәрестелі Мадонна”), Тицианның (“Венера және лютняшы”), Вермер Делфтскийдің (“өйықтап жатқан қыз”), Эль Греконың (“Толедо көрінісі”), Рембрандттың (“Гомер сыралғысының алдында тұрған Аристотель”), Ф.Халстың (“Малле Баббе”), А.Ваттоның (“Мецетен”) туындылары қойылған. Метрополитен - Мұражай арқасында адамзат мәдениеті мен өркениетінің даму жолын, тарихи шежіресін тамашалап, рухани-мәдени, ақпараттық мағлұмат алуға болады.[1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.