From Wikipedia, the free encyclopedia
Мелиорациялық жүйе — атқаратын қызметі бір-бірімен байланысты болатын гидротехникалық инженерлік құрылыстар мен құрылымдар жинағы. Өсімдік тамыры жайылатын топырақ қабатындағы ылғалды, ауаны нәрлі заттардың және жарым-жартылай жылу мен күн сәулесінің режімін жасанды түрде сақтауы әрі қамтамасыз етуі аркылы ауыл шаруашылығы дақылдарынан мол және тұрақты өнім алуға жағдай жасайды. Сонымен қатар суармалы жерде жаңа шыққан суландырғыш техникаларды кеңінен пайдалану мүмкіндігі мол. Мелиорациялық жүйе жұмыс істеуіне қарай былайша сараланады: жер құрғату — топырақ ішіндегі артық ылғалды алып кетіп, оны су қабылдағыш құрылысқа коллекторлармен жеткізу. Суландыру жүйелері: су көздерінен (өзен немесе су қоймасы) бас сағадан, өзі ағатын немесе машинамен ағызылатын және тұрақты су ағатын суару жүйелерінен тұрады. Ал су жүретін тұрақты жүйе — магистральды каналдардан су бөлгіш, шаруашылықаралық және ішкі шаруашылықаралық, телімдік каналдардан және карталық суару жүйелерінен құралады. Мұнымен қоса, қашыртқы су ағызатын тұрақты кәріздеу — коллекторлы жүйе болады да, ол бас коллекторға барып құяды. Суару жүйелері бақылау ұңгымаларының қалыбымен және жер асты ыза суының режімін зерттеп, оны бақылау үшін құдықтармен жабдықталады. Жүйе суды өлшеп тұратын құралдар орнатылған реттегіш гидротехникалық құрылыстармен, пайдалану белгілерімен, гидротехникалық бағаналармен жабдықталған. Онда көпірлер, жанынан арнаулы жол құрылыстары салынады. Желге тосқауыл болатын жасыл орман алқабы егіліп, электр желілері тартылады.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.