Меккенің жаулап алынуы

From Wikipedia, the free encyclopedia

Меккенің жаулап алынуы

Меккені жаулап алынуы (араб.: فتح مكّة‎, түр. Mekke'nin Fethi, фәтх Макка) — 630 жылдың 11 қаңтарында (һижра бойынша: 8 жылдың 20 рамазаны) Мұхаммед пайғамбардың ﷺ Мекке қаласын жаулап алуы.

Себебтері

Худайбия келісіміне сәйкес араб тайпалары мұсылмандармен немесе құрайыштармен одақтас болуға таңдау еркі болды. Хузаға тайпасы мұсылмандардың қарамағына, ал Бәкр тайпасы құрайыштардың қарамағына кірді. Келісімнен кейін Хузаға тайпасы мен Бәкр тайпасы арасында келіспеушілік пайда болды. Бану Бәкр құрайыштардан көмек сұрап, олардан көлік пен қару-жарақ алды. Олардың жағында соғысқандардың арасында құрайыштықтар болды: Иқрима ибн Әбу Джәһл, Сафуан ибн Умәйя және Суһайл ибн Амр. Хузаға тайпасы қасиетті аумаққа шегінгенімен, Бәкр тайпасы ол жерде шайқасты тоқтатпай, 20-дан астам адамды өлтірді[1].

Осының нәтижесінде құрайыштар мен Мұхаммед пайғамбар ﷺ арасындағы Худайбия келісімі бұзылды. Болған оқиғаға өкінген құрайыштар Мұхаммед пайғамбарға ﷺ келісімді ұзарту үшін елшілікке Әбу Суфйанды жібереді. Мұхаммед пайғамбар ﷺ келісімді ұзартудан бас тартып, Меккеге жорыққы аттануға бел буды[1].


Дереккөздер

  1. Битва величайшей победы (Завоевание Мекки) Мұрағатталған 2 желтоқсанның 2012 жылы. — MercyProphet.org (орыс.)

Тағы қараңыз

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.