Меккедегі тарихи жерлер
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мекке — мұсылмандардың қасиетті қаласы. Онда Қағба, әл-Харам мешіті орналасқан. Сауд Арабиясының батысындағы Мекке қаласында Мұхаммед (ғ.с.) дүниеге келіп, пайғамбарлығын осында бастаған. Ол арабтардың ежелгі мәдени орталығы саналады. Исламдық сенім бойынша мұнда Адам ата мен Хауа ана, Шис, Ибраһим, Исмаил пайғамбар тұрған.[1] Меккеде бірнеше тарихи, мұсылмандар үшін қасиетті саналатын жерлер бар.
Толық мақаласы: Мекке