Мау төрағаның сөздері
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мау төрағаның сөздері (жеңіл. қыт.: 毛主席语录; пінин: Máo zhǔxí yǔlù), 1966 жылдан бастап қытай үкіметі шығара бастаған кітап. Ол Мау Жедөңның сөйлеген сөздерінен алынған үзінділерден тұрады. Бұл кітап маоизм саяси бағытының иманшарты және оны зерттеудегі маңызды дерек көзі болып саналады.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/9/9b/Mao_bibel.jpg/200px-Mao_bibel.jpg)
Осы кітаптың көптеген тілдерде шамамен 1 миллиардқа жуық данасы жарық көрген. Ол Қытайда 1966—1976 жылдар аралығында болған Мәдени төңкеріс кезінде зор маңызға ие болған. Оны әрбір қытай азаматы әрқашан өзімен бірге алып жүруге тиіс болған.