From Wikipedia, the free encyclopedia
Материалдар – өнімді дайындау және өндіріске қызмет көрсету үшін көбінесе еңбек заты ретінде пайдаланылатын әр түрлі заттай элементтер.[1] Өнім тікелей солардан дайындалатын негізгі материалдар және кәсіпорынның өндірістік пайдалану мұқтаждары үшін пайдаланылатын көмекші материалдар (мысалы‚ жағар май) түрлеріне бөлінеді. Олардың жүйелендірілген тізбесін номенклатура деп атайды. Материалдар әрбір өндірістік циклде толық пайдаланылып‚ өзінің құнын дайын өнімге көшіреді‚ сондықтан айналым құралдарына жатқызылады. Өнеркәсіптің өңдеуші салаларында олардың өнімнің өзіндік құнындағы үлес салмағы елеулі, сондықтан оларды ұдайы үнемдеу талап етіледі. Кен өндіруші салаларда негізгі материалдар болмайды‚ өйткені мұнда табиғат заты еңбек заты болып табылады. Материалдардың пайдаланылу деңгейін бағалау үшін бұйымның меншікті материал сыйымдылығының көрсеткіштері‚ материалдардың пайдаланылу және қолданылғыштық коэффициенті‚ т.б. қолданылады. Отын мен электр энергиясы да материалдарға жатқызылады.
«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.