Марсель Пруст 1871 жылы 10 шілде айында Париж қаласында, денсаулық сақтау министрлігінде жоғары лауазымда болған, белгілі дәрігер отбасында дүниеге келеді. Марсель бала кезіне ауыршаң, әлжуаз болып, тоғыз жасынан бастап демікпе ауруына шалдығады.
Лицейді бітіргеннен кейін Сорбоннға заң факультетіне түседі. Анри Бергсонның1889 жылы шыққан "Непосредственные данные сознания" еңбегі Марсельдің болашақ жазушылығына ықпал етеді.
Шығармашылығының бастауы
Университетті бітіргеннен кейін Пруст бірнеше жылдар жайбарақат, ақсүйектік өмір кешіп, өнерге көңіл қояды, әдеби салондарды қатынайды. Сондай салондардың бірінде жастар тобы құрған "Банкет" атты журналға Пруст кітаптар туралы жазбаларын жариялайды. Бұл жазбаларынан оның бейнешілікке (символизм), әр түрлі декадентшілдік (XX ғасырдың басында буржуазиялық көркем әдебиетте, көркемөнерде кейінде өте дарашылдықты ұстаған кертартпа реакцияшыл ағым)мектептерге бейтарап екендігі білініп тұрды. Біраз жылдар кейінірек "Фигаро" журналына ұлы ақсүйектік париждік салондар туралы мақалалардың бірнешеуін жариялайды.
1896 жылы Пруст негізінен "Банкет" және "Ревю бланш" журналдарында жарияланған "суреттемелер", "нобайлар", "этюдтарынан" жинақталған "Утехи и дни" ("Les Plaisirs et les jours") атты кітабын шығарады.
"В поисках утраченного времени" романдар жинағының жазылуы
1906 жылы кейіннен "Жоғалған уақытты іздеу" ("A la Recherche du temps perdu") жинағына енгізілген алғашқы романдар қатары құрылады. Табанды жұмыс істеп, 1912 жылдың басына қарай алғашқы үш томдық жинақтың нұсқасын жазып бітіреді. Алғашқы "Сван тарапта" ("Du Cote du chez Swann ") атты романын жариялау қиынға түседі. "Ақсүйектік дилетант" шығармасы деген желеумен басылымдар басудан бас тартқан соң, 1913 жылы Пруст өз қаржысына Грассада бастырады, бірақ кітап көпшілікке ұнамайды.
1914-1918 жылдардағы соғыс романның келесі жинақтарын жариялауды бес жылға тоқтатады. Соғыс біткеннен кейін "Нувель ревю франсез" Прустің екінші "Под сенью девушек в цвету" ("A l‘Ombre des jeunes filles en fleur") романынан үзінділер баса отырып журналдарының жаңа қатарларын шығарады, ал 1919 жылы "Нувель ревю франсез" тобымен байланысты Галлимар баспасы романды толығымен шығарады. Осыдан кейін Пруст белгілі болып, роман "Академия Гонкуров" сыйлығын алады. Көп кешікпей Пруст Почетный Легион орденімен марапатталады.
1920 жылы романның "Стороны Германтов" ("Le Cote des Guermantes") жинағының бірінші бөлімі, 1921 жылы - екінші бөлімі шығады.
1920 жылы сонымен қатар "Содом және Гоморра" ("Sodome et Gommorrhe") жинағының бірінші томы жарық көреді.
1922 жылы "Пленница" ("La Prisonniere") және "Беглянка" ("La Fugitive") атты жаңа томдары қосылған "Содом и Гоморра"жинағының екінші томы шығады.
1922 жылы 18 қарашада Пруст қайтыс болғаннан кейін төрт жылдан кейін, яғни, 1926 жылы "Обретенное время" ("Le Temps retrouve") шығармасы жарық көреді.
Кейін "Жоғалған уақытты іздеу" романдар жинағы Прустің жарыққа шықпаған үзінділерімен толықтырылады:
1950 жылы - "Против Сент-Бева" ("Contre Sainte-Beuve") мақаласының үзіндісі;
1952 жылы - "Жан Сантейль"("Jean Santeuil") аяқталмаған повесі;
1953 жылы - Прустің 1887-1905 жылдарда анасымен өзара жазысқан хаттары енгізіледі.