Маркшейдер (нем. Markscheіder, mark — шекара және scheіden — бөлу) — графикалық құжаттарды орындау үшін жүргізілетін жұмыстар жиынтығы. М. і. кен орындарын іздеу, барлау және пайдалану кезінде қажетті карталар мен жоспарды жасау, тіректік және толықтыру торларын салу, пайдалы қазбалардың шығарылу және шығындық көлемдерін анықтау үшін жүргізіледі. Оны атқарушыны маркшейдер деп атайды. М. і. ерте кезден басталған. Б.з.б. 16 — 14 ғ-ларда Мысырда тау-кен қазбаларының кішірейтілген масштабты кескіндері салынған. Герон Александрийский ежелгі заманда жер асты түсіру тәсілдерін баяндап кеткен. Оның негізгі әдістері мен тәсілдерін 16 ғ-да неміс ғалымы Г.Агрикола қысқаша тұжырымдады. Қазақстанда М. і. 1937 ж. Қазақ тау-кен металлургия инcтитутында осы саламен айналысатын кафедраның ашылуынан басталды (негізін қалаған проф. П.А. Рыжов). Аталмыш кафедра мүшелері геолог мамандармен бірлесіп, көптеген кен орындарының пішінін, орналасу жағдайын, бос жыныстармен шектесулерін анықтады. Пайдалы қазбаларды ұтымды игеру үшін нақтылап өлшеулерде маркшейдерлік әдістер мен аспаптар қолданылады (қ. Маркшейдерлік приборлар). Геол. М. і-тер пайдалы қазбаларды жер қойнаувы кеңістігіндегі орналасу ерекшеліктеріне, құрылымдық қасиеттеріне қарай геометриялық денелерге бөледі, ал матем. заңдылықтар мен өрнектерді қолданып, олардың іске жарамды, жарамсыз қорларының мөлшерлерін анықтайды. Кен орнын пайдалану кезінде маркшейдерлік қызмет тау-кен өнеркәсібі өндірістік процесінің динамикасын тіркеу, пайдалы кеннің сапасын арттыру жолдарын іздестіру, технол. процестерді жетілдіру, кенді тиімді бағытта қазып алу, тау жыныстарының қысымы мен қозғалысын зерттеу және оларға қарсы шаралар қолдану, т.б. жұмыстарға қатысады. Тау-кен өнеркәсібін жапқанда немесе тоқтатқанда маркшейдерлер кеннің түгел қазылып алынғанын немесе алынбағанын анықтап графиктік документтер толтырады. М. і-тің теор.-практик. мәселелерін шешудеҚР өұА-ның акад. Ж.Ержанов, корр. мүшелері Ж.Қаңлыбаева, А.Машанов, И.И. Попов, т.б. көп еңбек сіңірді. Т. Пентаев
- «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VI том
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.