![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/7/71/Maria-carolina-regina-napol.jpg/640px-Maria-carolina-regina-napol.jpg&w=640&q=50)
Мария Каролина Австрийская
From Wikipedia, the free encyclopedia
Мария Каролина Австрийская (нем. Maria Karolina von Österreich, итал. Maria Carolina d'Austria; 13 тамыз 1752, Вена — 8 қыркүйек 1814, Вена) – төңкерістер мен Наполеонның соғыстары кезінде күйеуін, патша IV Фердинандты басқарудан тықсыртып жіберген екі Сицилияның да патшайымы. Австрия патшаханымы Мария Терезияның қызы және француз патшайымы Мария-Антуанеттаның әпкесі.
Биографиясы
Тексерушілерге нұсқаулықты оқу үшін оң жақтағы көрсет дегенді басыңыз. |
---|
Мақала тексерушілерге: мақаланы тексерілді деп белгілеу үшін бұл үлгіні алып тастаңыз. Мақаланы тіркелгеніне 6 ай болған, 500 өңдеме жасаған барлық қатысушылар және осы екі шарттың біреуін болсада қанағаттандыратын қатысушылар тексерілді деп белгілей алады. 2015 жылдың шілдесінен бергі тексерілмеген мақалалар мына санатта тізімделеді: Санат:Уикипедия:Тексерілмеген мақалалар. Осы айдағы тексерілмеген мақалалар санатын бастау. Осы айдағы тексерілді деп белгіленген мақалалар: https://kk.wikipedia.org/w/index.php?title=Арнайы:Жуықтағы_өзгерістер&tagfilter=Тексерілді+деп+белгіледі Бұл мақаланы 2016-05-04, 16:15 кезінде (8 жыл бұрын) ArystanbekBot (журналы | үлесі) соңғы рет өңдеді.
|
Бұл мақала әлі тексерістен өтпеді. Тексерілмеген мақалалардағы мәліметтер сенімсіз болуы мүмкін. (ақпан 2016) |
Мария Каролина Австрийская Maria Carolina d'Austria | |||
![]() Мария Каролина Австрийская | |||
Лауазымы | |||
---|---|---|---|
| |||
12 мамыр 1768 жыл — 8 қыркүйек 1814 жыл | |||
Ізашары | Мария Амалия Саксонская | ||
Ізбасары | жоқ | ||
Өмірбаяны | |||
Дүниеге келуі | 13 тамыз 1752 (1752-08-13) Вена | ||
Қайтыс болуы | 8 қыркүйек 1814 (1814-09-08) (62 жас) | ||
Әкесі | Франц I | ||
Анасы | Мария Терезия | ||
Жұбайы | Фердинанд I | ||
Балалары | Мария Тереза, Мария Луиза Амелия Тереза,Карло, Мария Анна, Франциск I, Мария Кристина Амелия, Карло, Джузеппе, Мария Амалия, Мария Антуаннета, Мария Клотильда, Мария Генриетта, Карло, Леопольдо, Альберто, Мария Изабелла | ||
өңдеу ![]() |
14 жасында Мария Каролина IV Фердинандқа тұрмысқа сөз байласқаннан кейін шешекпен ауырып, қайтыс болған үлкен әпкесінің орнына беріледі. 1777 жылы оларда ұл, болашақ патша Франциск І туылды. Неке шарттысы бойынша мұрагердің туылуы патшайымға мемлекеттік кеңеске кіруге мұрша береді.
Өзінің көңілдесінің ықпалынан 1793 жылы патшаны Тулонаға неополитандық кемелерді көмекке жіберуге көндірді. Әпкесінің өлімі патшайымда француздарға қарсы одан да бетер ызаландырды. 1798 жылы Неапольға кірген француз әскерінен патша отбасысы астанасынан қашуға мәжбүр болды.
Ушаковтың флоты 1799 жылдың маусымында Неапольді француздардан босатқаннан кейін ғана патша мен патшайым сол жерге қайтып оралды, ал көтерілістің жақтаушыларын өлтіре бастады. Мария Каролина Англиямен одаққа көзі жетіп, ол ағылшын елшісінің әйелімен леди Гамильтонмен достасады. Орыс және ағылшын флоттарына сеніп патшайым 1805 жылы Неапольде француздарға қарсы соғыс жариялады. Бірақ 1806 жылы ол қайтадан қашуға мәжбүр болады. Тағы бір жағымсыз жайттың бірі Мария Каролинаның немересі Мария Луизаның Наполеонмен некесі болды.
Мария Каролина мен оның жұбайының арасында ешқашан махаббат болған жоқ. Ал патшайымның кардинал Руффоның қарақшылығына көмегі оның беделін түсірді. Жаңа ағылшын елшісі лорд Бентинк патшаны 1811 жылы Мария Каролинаны Сицилиядан қууға көндірді. Соңғы жылдарын Мария Каролина Венада өткізді. Оның өлімі жайында біліп, Фердинанд көңілдес әйелімен морганатикалық некеге отырады.
Балалары
Мария Каролинаның он алты баласы болған:
- Мария Тереза (1772—1807);
- Мария Луиза Амелия Тереза (1773—1802);
- Карло (1775—1778)
- Мария Анна (1775—1780)
- Франциск I (1777—1830),
- Мария Кристина Амелия (1779—1849);
- Карло (1780—1789)
- Джузеппе (1781—1783)
- Мария Амалия (1782—1866);
- Мария Антуаннета (1784—1806);
- Мария Клотильда (1786—1792)
- Мария Генриетта (1787—1792)
- Карло (1788—1789)
- Леопольдо (1790—1851),
- Альберто (1792—1798)
- Мария Изабелла (1793—1801)
Дереккөздер
Орыс уикипедиясынан аударылған.