Марианна Мур
From Wikipedia, the free encyclopedia
Марианна Крейг Мур (15.11.1887 — 5.02.1972) — америкалық ақын.[1]
Ол Брин-Мор колледжінде оқыды, кейінірек анасымен бірге Нью-Йорктегі Бруклинге қоныстанды.
1919 жылдан кейін әдеби шығармашылыққа бет бұрды, әртүрлі мерзімді басылымдарға өлеңдер мен сын мақалаларын жариялап отырған. «Дайел» («Циферблат») атты ықпалды журналдың редакторы (1925-29) болған. «Наблюдения» (1924) және «Собранние стихотворений» (1951, Пулитцеров сыйлығы, Боллинген сыйлығы және Ұлттық кітап сыйлығы) жинақтары бар.
Нысаны жағынан мінсіз өлеңдерінде қоршаған ортаны, әсіресе, жануарлар әлемін бақылап, содан көрген мінез-құлықтардың құлықтылық және зияткерлік принциптерін сипаттады. Сонымен бірге жаңа шумақ нұсқаларын жиі құрайтын. «Поэзия» атты антологиясына (1921) «қиялдағы бау-бақшаны онда жүрген құрбақалармен бірге» бейнелеген өлеңдерін жинады. Соңғы жылдары жамылғы жамылып, үшбұрышты қалпақ киген сүйкімді әрі таңғажайып Мур сергектік пен кербездіктің бейнесіне айналды.