Маргиана
From Wikipedia, the free encyclopedia
Маргиана (грек. Μαργιανή – Маргиане, көне парс. Маргуш) — Орта Азиядағы ежелгі аймақтың аты. Мурғаб өзенінің бойында орналасқан. Маргиана батыста Парфиямен, солтүстік-шығыста Соғдымен, шығыста Бактриямен, оңтүстікте Ариямен шектесті.
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/c/c7/Margiana-300BCE.png)
Маргиананың астанасы Ежелгі Мерв аймағында болды. Б.з.б. 522 жылдан кейінгі кезеңдерде Маргиана Ескердір мемлекетінің, Селевк әулеті мемлекетінің, Парфия патшалығының құрамына кірді. Орта ғасырларда Маргиана жері Хорасанға қосылды. Б.з.д. 3 ғасырда Маргиана өнеріне эллиндік мәдениет ықпал етті. 3 ғасырдың қарсаңында будда архитектурасы мен мүсін өнері дүниеге келді[1].