From Wikipedia, the free encyclopedia
Марат Жәнібекұлы Мұзапаров (1939 жылы, Солтүстік Қазақстан облысы Жамбыл ауданы Майбалық ауылында туған) – техника ғылымдарының докторы (1994), профессор (1996).
Арғын тайпасы Қуандық руының Тоқа бөлімінен шыққан.[1].
Қазақ политехникалық институтын (1964, қазіргі Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Лениногор геология барлау экспедициясында бұрғылау шебері, бас инженердің орынбасары (1964–65), Оңтүстік Қазақстан геология басқармасының бас инженер (1965–71), Қазақ КСР-і Геология министрлігі басқармасында бас инженер (1971–73), Шығыс Қазақстан Геология басқармасында отряд бастығы (1973–75), Қазақ минералды шикізаттар ғылыми-зерттеу институтында бас конструктор, аға ғылыми қызметкер (1975–90) болды. 1990 жылдан Қазақ ұлттық техникалық университетінде профессор. Негізгі ғылыми еңбектері пайдалы қазба кен орындарын барлау мен оның техникаларына арналған.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.