From Wikipedia, the free encyclopedia
Маори (Maori), Жаңа Зеландияның полинезиялық халқы.[1]. Олар әйгілі Хака (Haka) биімен танымал.
Маоридің дәстүрлі тарихы олардың Жаңа Зеландияда пайда болуын 12—14 ғасырлардағы мифтік атамекендерінен бірнеше рет көшуімен сипаттайды, бірақ археологтардың мәліметтері бойынша Жаңа Зеландияға халық 800 жылы қоныстанған. Олармен байланысқа түскен алғашқы еуропалық А.ТАСМАН (1642) болды, ол маори тобымен шайқасқан.
Олар еуропалықтарды қуана-қуана қарсы алады, бірақ қару-жарақтың, аурулардың, ауылшаруашылығын жүргізудің батыстық әдістерінің, миссионерлердің пайда болуы маори мәдениетін талқандап, бұл қақтығысқа әкеп соғады.
Британдықтар 1840 жылы Жаңа Зеландияны ресми түрде басқаруға көшті; үш онжылдық ішінде жер иелігі үшін бірнеше рет шайқас болды. 1872 жылы соғыс аяқталып, маори жерінің көп бөлігі тәркіленді.
Қазіргі кезде Жаңа Зеландия халқының шамамен 9%-ы маориге жатады, олардың бәрі еуропалықтармен араласқан.
Қазіргі урбандалған өмірге төселсе де, маорилердің көбі дәстүрлі өмір салтын ұстанып, ата-бабадан қалған жерін сақтап қалу үшін күресіп келеді.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.