From Wikipedia, the free encyclopedia
Мануфактура — еңбек бөлінісіне негізделген бірлестік.
Мануфактура өндіріс үдерісін ұйымдастыру нысаны ретінде Батыс Еуропа елдерінде 16 ғасырдың ортасынан 18 ғасырдың соңғы ширегіне дейін үстемдік құрды. Мануфактураның екі жолы болды. Олардың бірі — түрлі мамандықтағы қолөнершілерді бір шеберханаға біріктіру. Екіншісі — бір мамандықтағы қолөнершілерді ортақ шеберханаға біріктіріп, олардың арасында еңбекті бөлісу. Мануфактураны ұйымдастырудың бұл екі тәсілінде де жұмысшылар еңбек бөлінісі негізінде маманданады. Мануфактураның техникалық негізі қолөнері болып қалғанымен, қолөнершілер мен мануфактуралық жұмысшылар арасында техникалық тұрғыда үлкен айырмашылық болды. Дербес қолөнерші өнімді толық көлемде дайындау жұмысын бір өзі атқарса, мануфактуралық жұмысшы өнімнің жекелеген бөліктерін дайындау жұмыстарын орындады. Мануфактура, ең алдымен, кооперативтік еңбек нысанымен байланысты болды. Бірақ жай кооперацияға қарағанда, мануфактурада еңбек бөлінісі есебінен еңбек өнімділігі артты. Біріншіден, жұмысшылардың белгілі бір операцияларды орындауға мамандануы жұмыс уақытын қысқартты. Екіншіден, бір операциядан екіншісіне көшуге, құрал-сайманды ауыстыруға жұмсалатын уақыт қысқарды. Үшіншіден, мануфактурада құрал-сайман да мамандандырылды, мұның өзі оның тиімділігін арттырды. Алайда мануфактура қоғамдық өндірісті толық көлемде қамти алмады, өйткені оның техникалық базисі ұсақ шаруашылықтардағыдай қол еңбегімен атқарылды. Бірақ ол машиналық өндіріске алғы шарттар жасады. Өндіріс үдерістерінің бөлшектенуі, жұмыс құрал-саймандарының саралануы машиналарды қолдануға жағдай туғызды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.