From Wikipedia, the free encyclopedia
Мандолина[1] — шертіп ойнайтын шекті музыкалық аспап. 16 — 17 ғасырларда Италияда пайда болған. Мойны қысқа, шанағы жалпақ не болмаса жұмыр етіп жасалатын 2 түрі бар. Мандолинаның 8 шегі екі-екіден жұпталып 4 шек құрайды. Әр жұп шек бір дыбысқа (унисон) келтіріп бұралады. Құлақ күйі скрипка аспабындай квинта бұрауына түседі. Сондықтан Мандолина ноталары скрипка кілтінде жазылады. Бұл аспаптың үні анықта жарқын естіледі. Саусаққа плектр киіп не медиаторды қысып ұстап шертіп ойнайды. Кілең Мандолинадан құрылған оркестр — неаполитан оркестрі деп аталады. Осы аспапқа арналып жазылған Л.Бетховен, А.Вивальди, т.б. композиторлардың туындылары бар. Мандолина Қазақстанда 20 ғасырдың бас кезінде тарады. Қазіргі кезде ұлт аспаптар оркестрі мен жеке орындауда кеңінен қолданылады. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.