Малдың өнімділігі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Малдың өнімділігі - бір малдан белгілі бір уақытта алынатын өнім. Малдың өнімділігінің түрі малдан алынатын өнім түрімен есептелінеді. Малдың өнімділігіне - сүттілігі, еттілігі, жүн өнімділігі, жұмыс өнімділігі, жұмыртқалағыштығы, т.б. жатады. Малдың өнімділігі түліктің түріне, тұқымына, тегіне, жынысына, жасына байланысты болады. Малдың өнімділігі оны азықтандыру, бағып-күту, дұрыс пайдалану жағдайларына тәуелді көп өзгеріске ұшырайды. Сондықтан шаруашылықтағы малдың өнімділігін арттыруда осыны ескеріп, мал өсіру мен пайдалану жүйесін ғылыми тұрғыдан негіздеу қажет.[1]