Македон тілі
From Wikipedia, the free encyclopedia
Македон тілі (өзін-өзі атауы: македонски јазик) — македондықтардың тілі, славян тілдерінің бірі. Болгар тіліне лингветикалық жағынан жақын, ол сонымен бірге оңтүстік славян тілдері тобының құрамында шығыс топшаны құрайды. Типологиялық ерекшеліктері бойынша ол Балқан Одағының тілдеріне ұқсас.
Македон тілі | |
Өз атауы: |
македонски јазик |
---|---|
Айтылуы: | |
Елдер: |
Солтүстік Македония, Албания, Болгария, Грекия, Румыния, Сербия, АҚШ |
Аймақтар: | |
Ресми күйі: |
Солтүстік Македония (мемлекеттік тіл) |
Сөйлеушілер саны: |
1.4 – 3.5 млн адам (1999 - 2011) |
Классификация | |
Санаты: | |
Үнді-Еуропа тілдері (даулы)
| |
Жазуы: |
кириллица, (Македон әліпбиі) |
Тіл коды | |
МЕСТ 7.75–97: |
маа 415 |
ISO 639-1: |
mk |
ISO 639-2: |
mac |
ISO 639-3: | |
Тағы қараңыз: Жоба:Лингвистика |
Негізінен Солтүстік Македонияда таралған македон тілі сөйлеушілерінің шағын топтары Албанияда, Болгарияда, Грекияда, Сербияда, Хорватияда, бірқатар Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Канадада, Аустралияда және басқа елдерде тұрады. Македон тілі - Солтүстік Македонияның ресми тілі (1991 жылдан бастап). Албанияда кейбір ресми функцияларды орындайды[1]. Босния және Герцеговина мен Румынияда македон тіліне аймақтық тіл мәртебесін алу мүмкіндігі бар.
Сөйлеушілердің жалпы саны, санақ деректері бойынша шамамен 1,408 миллионды құрайды (2015), оның ішінде Солтүстік Македонияда тұратын 1,345 миллион адам үшін македон тілі ана тілі (2002)[2]. Македон тілін ана тілі және екінші тіл ретінде сөйлейтіндердің саны 2-ден 3,5 миллионға дейін жетеді (2001)[3].