Майбалықтытөбе

From Wikipedia, the free encyclopedia

Майбалықтытөбе - ортағасырлық қалашық орны. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан қаласы маңында, Иқан аулынан батысқа қарай 3 километр жерде орналасқан. 1949 жылы Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (жетекшісі А.Н. Бернштам) зерттеген. Қазір диаметрі 180 метр, биіктігі 5 метр төбе. Майбалықтытөбенің жоғарғы қабатынан көзелердің, астық сақтайтын құмыралар мен астық ұнтақтайтын тастардың, теңгелердің сынықтары табылды. Зерттеу барысында алынған мәліметтерге қарағанда қаланы халық VII - IX ғасырларда мекен еткен.

Дереккөздер

Қ 18 Қазақстан тарихы. Энциклопедиялық анықтамалық (толықтырылған 2 - басылым). - Алматы: "Аруна Ltd." ЖШС, 2010. - 786 б. ISBN 9965 - 26 - 175 - X

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.