From Wikipedia, the free encyclopedia
Мажарстан ғылым академиясы (маж. Magyar Tudományos Akadémia) — Мажарстанның жоғарғы ғылыми мекемесі. Будапештте Мажарстан ғылым академиясы 1825 жылы құрылып, 1945 жылға дейін көбінесе мәдени-ағарту және баспа жұмыстармен шұғылданды. 1949 жылдан қайта құрылып, Мажарстан Халық Республика үкіметінің қарауына көшті. Мажарстан ғылым академиясы негізгі міндеті – жаратылыстану, қоғамдық ғылымдарды дамыту және оларды координациялау. Мажарстан ғылым академиясының 10 бөлімі бар 1970 жылы:
Мажарстан ғылым академиясы | |
маж. Magyar Tudományos Akadémia | |
Орналасуы: | |
---|---|
Ұйым түрі: |
Ұлттық ғылым академиясы |
Ресми тілі: | |
Басшылары | |
Президент |
Тамаш Фройнд |
Құрылуы | |
Құрылған жылы |
3 қараша 1825 ж. |
mta.hu | |
Мажарстан ғылым академиясы Ортаққорда |
Аталмыш академия құрамына 40-тан аса ғылыми-зерттеулік институттары енеді. Мажарстан ғылым академиясы университеттер мен ғылыми орталықтардың 140-тан астам кафедраларының ғылыми-зерттеу жұмыстарына басшылық етеді. Мажарстан ғылым академиясының құрамында 188 толық және корр. мүше, 68 шетел (20-сы совет ғалымдары) мүшелері (1970 жылы) бар. Мажарстан ғылым академиясының кітапханасының (1826 жылы құрылған) кітап қоры 680 мың томнан асады.
Мажарстан ғылым академиясыда бірнеше сериялы «Acta» (1950 жылдан), хабаршы «Maqyar tudamany» (1956 жылдан), ағылшын, неміс, француз, орыс тілдерінде 30-дан астам мерзімді ғылыми баспа және басқа да ғылыми әдебиеттер шығып тұрады. Мажарстан ғылым академиясы – көптеген халықаралық ұйымдардың мүшесі. КСРО ҒА мен Мажарстан ғылым академиясы арасында 1958 жылы ғылыми қарым-қатынас жөнінде келісім жасалып, ол 1961 жылы шексіз мерзімге ұзартылды. [1]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.