From Wikipedia, the free encyclopedia
Мажарлар (маж. magyarok) — Мажарстан елінің басты халқы. Әлемде 14,5 млн мажар тұрып жатыр. Диаспорасы Румынияда, Словакияда, Украинада және ең көбі АҚШ-та. Дін бойынша, көбі католиктер.
Мажарлар | |
Бүкіл халықтың саны | |
---|---|
14 500 000 | |
Ең көп таралған аймақтар | |
Мажарстан |
8 314 029 (2011) |
АҚШ |
1 563 081 (2006)[1] |
Румыния |
1 227 623 (2011) |
Словакия |
456 467 (2011) |
Канада |
315 510 (2006) |
Сербия |
253 899 (2011) |
Украина |
156 600 |
Тілдері | |
Діні | |
католицизм, протестантизм және т.б | |
Этникалық топтары | |
Финн-угор тілдер тобының мажар тілінде сөйлейді. Жазуы латын әліпбиіне негізделген. Мажарстан Республикасының ресми тілі. Латын тілінен көбіне діни, мәдени, әкімшілікке қатысты , славяндардан жер өңдеу, киім, тағам атаулары, неміс тілінен сауда, өнеркәсіп, әскери өнер лексикалары енген. Мажар тіліне түркі сөздерінің енуі бірнеше кезеңмен байланысты:
Мажар тілінде бірнеше диалекті бар: батыс, солтүстік-шығыс, куншаг және секей диалектісі.
Мажарлардың басым бөлігі католиктер, кальвиншілдер, аздап лютерандықтар да кездеседі.
Мажар халқының негізін шамамен б.з.б. 5 мың жыл бұрын Батыс Сібірдегі вогул (манси), остяк (ханси) жұрттары мен Орал бойын мекендеген угорлар және түркілер құраған. Үнемі батысқа қарай жылжумен болған олар тарихта Леведия (Еділ мен Дон арасында), Етелкоз (Днепр мен Дунайдың төменгі ағысы арасында) аталған өңірлерде қыпшақ, оғыз, бұлғар т.б. түркі тайпаларымен байланыстар жүргізген. 895 ж. Карпат қойнауына біржола қонстанған.
Мажарлар негізінен әртараптандырылған экономикада, өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында жұмыс істейді. Бұрынғы дәстүрлі сала егіншілік болды, онда мал шаруашылығы жетекші рөл атқарды, ал 19 ғасырдан бастап егіншіліктің маңызы арта түсті. Жайылымдық мал шаруашылығы жазықтарда (Альфельд провинциясы) кең таралған, оңтүстігінде жылқы, шошқа, қой да өсіріледі.
Өсімдік шаруашылығында негізгі дақыл бидай (17 ғасырдан), картоп 18 ғасырдан бастап өсіріледі. Бау-бақша және көкөніс шаруашылығының маңызы зор. Шарап жасаудың ежелден келе жатқан дәстүрі бар, әсіресе Токай тауының аймағы (Токай шарабы).
Дәстүрлі қолөнер түрлері – зығыр мата, кендір, кесте, шілтер тоқу, тоқыма тоқу, керамика, илеу және тері өңдеу.
Қоныстары әртүрлі. Ауылдық жерлерде ірі ауылдар мен шаруа қожалықтары бар. Тұрғын үйлері - ағаштан (елдің батысында) немесе қабырғалары топырақпен немесе қамыспен жабылып, балшықпен сыланған. Төбесі сабанмен немесе тақтайшамен жабылған. Қазір тас пен кірпіш қолданылады. Әдетте, дәстүрлі тұрғын үйлердің қасбеті сыртқа шығып, ұзын жағы аулада қалады. Венгриялық сәулет өнерінің бұл ерекшелігі чехтер, словактар, хорваттар мен сербтер арасында тарады.
Халық әндерінен Еділ бойы халықтарына ұқсас әуендер байқалады. Билері жұппен және топпен орындалады, негізінен 32 түрлі қимылды қайталайды. "Вербункош", "Чардаш" сияқты ұлттық билері бар.
Ұлттық киімдері: әйелдер бүрмелі белдемше мен жеңі кең, келте көйлек немесе ашық түсті жеңсіз көйлек, бастарына тақия киіп, орамал тартқан. Ерлер - кенеп көйлек, мата шалбар мен кеудеше, бастарына аң терісінен тігілген бөрік және сабан қалпақ киген.
Ұлттық тағамдары әртүрлі. Ет-ұн (кеспе, үзбе, қамыр), жеміс, көкөністерді (бұрыштар) жиі пайдаланады. Оның ішінде гуляш, перекельт, паприкаш, турош-чуса аталатын ұлттық тағамдары белгілі. Сусындары - қара кофе. Жүзім шарабын дайындайды.
Қазақстандағы мажарлар 1-дүниежүзілік соғыстан кейін тұтқынға түскендердің, келесі толқыны тың игеру жылдары жолдамамен жұмысқа келгендердің ұрпағы. Қазақстандағы мажарлардың саны:
Қазақстандағы ең танымал мажар – Иштуан Мандоки Қоңыр, белгілі түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор. Алматы қаласында Иштуан Мандоки Қоңыр атындағы көше бар.
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.