Мадхья-Прадеш (Madhva Pradesh), орталық Үндістандағы штат. 60 385 118 адамы (2001) бар.[1].

Раджастхан, Уттар-Прадеш, ЧХАТТИСГАРХ, Махараштра және Гуджарат штаттарымен шектеседі. Көлемі: 308 252 км². Бұл Үндістан штаттарының ішіндегі көлемі жағынан екінші орында тұр.

Әкімшілік орталығы: БХОПАЛ. Бұл жерден Үндістанның НАРМАДА, ТАПТИ, МАХАНАДИ және ВАЙНГАНГА секілді кейбір маңызы жоғары өзендері бастау алады. Б.д.д. 4-3 ғасырларда Маурьлер империясының құрамында болды, сондай-ақ көптеген басқа да династиялар ауысты. 11 ғасырдан бастап мұсылмандардың иелігінде болды, 16 ғасырда Ұлы Моңғол империясы жаулап алды. 1760 жылы маратхтардың қол астында болып және 19 ғасырдың басында Англияның отарына өтті.

1947 жылы Үндістан тәуелсіздігін алғаннан кейін штат болып құрылды; 1956 жылы оның шекарасы өзгерді. 2000 жылы штаттың шығыс бөлігі Чхаттисгарх жеке штат болды. Мадхья-Прадеш пайдалы қазбаларға бай болса да, оның эконмикасының негізгі саласы – ауылшаруашылық.

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.