Лұт (араб.: لوط‎) — ислам пайғамбары. Ибраһиммен () бір уақытта өмір сүрді және оның туысы, Һаранның ұлы болды.

Quick Facts Туған күні, Туған жері ...
Лұт
араб.: إِبْرَاهِيْمُ
Сурет
Туған күні

Б. з. д. XIX ғасыр

Туған жері

Қосөзен

Қайтыс болған күні

Б. з. д. XVII ғасыр

Қайтыс болған жері

Хиджаз

Қызметі

Пайғамбар

Әкесі

Һаран

Балалары

Лұттың қыздары

Close

Ибраһиммен ұзақ жыл қарым-қатынаста болған адам. Аллаһ Тағала Лұтты Иорданиядағы Содум қауымына Пайғамбар етіп жіберген. Ол бір бұзылған ел еді. Жолаушыларды тонап, қарақшылық жасайтын, әйелдері бола тұрса да еркектермен әуейі болатын күнәһар әдеттері болған. Лұт (а.с.) оларға насихат айтып, жақсы жолға жетеледі.

Тәубе үйіріңдер, бұзықтықты тастаңдар деді. Ондай қылықтардың ақыры жақсы болмайтынын ескертті. Бірақ, райларынан қайтара алмады. Керісінше, Пайғамбардың өзін «таспен атып өлтіреміз, ел ішінен аластаймыз» деп, әрекет жасады. Осылары үшін Аллаһтың каһарына ілікті. Жазаны орындау үшін Аллаһ Тағала сұлу жігіттер бейнесінде періштелер жіберді.

Ислам

мақалалар тізбегінің бөлігі



Құрандағы Ислам пайғамбарлары

Елшілер мен пайғамбарлар

Адам Ыдырыс
Нұх Һұд Салық
ИбраһимЛұт
ЫсмайылЫсқақ
ЖақыпЖүсіп
Әйюб
Шұғайб Мұса Һарұн
Зул-Кифл Дәуіт Сүлеймен Ілияс
Әл-Йаса Жүніс
Зәкәрия Жақия
Иса
Мұхаммед

Лұт (а.с.) оларды адам екен деп біліп, қауымының оларға бұзықтық жасайтыныңан қауіптенді. Айтқандай-ақ, олар бұзықтық жасамаққа кірісті. Лұт Пайғамбар (а.с.) оларға, «Керек болса, қызымды алыңдар, әйелдерің де бар ғой. Меймандарымнан аулақ жүріңдер», – деп жалынды. Меймандар өздерінің періште екенін, бұзықтар ештеңе істей алмайтының, керісінше олардың көздерін жойғалы келгенін айтты.

«Үй-ішіңді ал да бұл жерден тез кет», – деді Пайғамбарға. Бірақ, сенің бұзық әйелің күнаһармен бірге жаза тартады деді». Құдірет бұл қауымға аспаннан тас жаудырып, жайратып тастады. Лұт Пайғамбардың есімі Құранда 27 жерде кезігеді.[1]

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.