Лужники — Мәскеудегі футбол стадионы, "Лужники" Олимпиадалық кешенінің орталығы. Ресейдегі ең адам көп сиятын стадион. Ресей Ұлттық футбол құрама командасы өз алаңындағы ойындарын өткізеді.
Тарихы
1954 жылы 23 желтоқсанда КСРО үкіметі Лужникиде үлкен стадион тұрғызуға шешім қабылдады. Жобалау жұмыстары 1955 жылы қаңтарда басталып, сол жылы сәуір айында іргетасы қаланды. Әуелде стадионға бүкіл спорт кешенімен бірге В. И. Лениннің аты берілді. Ашылу салтанаты 1956 жылы 31 шілдеде өтті.
Стадион 1980 жылғы Жазғы Олимпиаданың басты аренасы болды. Арада екі жыл өткен соң "Спартак" (Мәскеу) — "Харлем" матчында жанкүйерлер қақтығысы болып, 66 адам қаза тапты.
1992 жылы атауы "Лужники" деп ауыстырылды. 1996-97 жылдары реконструкция жасалып, көрермендер отыратын тұстардың төбесі жабылды.
1999 жылы 12 мамырда УЕФА Кубогының финалдық матчы ("Парма" — "Олимпик Марсель") осы стадионда өткізілді.
2008 жылы 21 мамырда УЕФА Чемпиондар Лигасының финалдық кездесуі ("Манчестер Юнайтед" — "Челси") осы стадионда ойналды.
2013-17 жылдары алдағы әлем чемпионатына (2018 жылғы) дайындық ретінде күрделі реконструкция жасалды.
Фактілер
- Стадионда бір мезетте 81 мың адам жайғаса алады.
- 2018 жылғы Әлем чемпионатының жеті ойыны (финалды қосқанда) осы стадионда өтеді.
Стадионда өткен ірі іс шаралар
- КСРО Халықтарының жазғы спартакиадасы, 1956
- КСРО Халықтарының спартакиадасы: 1963, 1967, 1971, 1975, 1979
- Жазғы Олимпиадалық Ойындар: 1980
- Мотожарыстан әлем чемпионаты: 1984
- Ізгі ниет ойындары: 1986
- Регбиден әлем чемпионаты: 2013
- Жеңіл атлетикадан әлем чемпионаты: 2013
Сыртқы сілтемелер
Wikiwand in your browser!
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.