Лиам Хемсворт (ағылш. Liam Hemsworth; 13 қаңтар 1990(19900113), Мельбурн, Аустралия) — Австралиялық актер. Джош Тейлор ролінде аустралиялық «Көршілер» және Маркус ролінде «Пілдердің ханшайымы» атты телевизиялық хикаяларымен танымал бола бастаған. 2010 жылы Америкалық «Соңғы әуен» драмасында және 2012 жылы Сьюзен Коллинзтің бестселлерге айналған романдары бойынша «Аштық ойындары» фильмінде Гейл Хоторнды бейнелейді.

Quick Facts Жалпы мағлұмат, Туған күні ...
Лиам Хемсворт
Liam Hemsworth
Thumb
Лиам Хемсворт San Diego Comic-Con International-да 2015 ж.
Жалпы мағлұмат
Туған күні

13 қаңтар 1990 (1990-01-13) (34 жас)

Туған жері

Мельбурн, Аустралия

Азаматтығы

 Аустралия

Мамандығы

актер

Белсенді жылдары

2007қазіргі уақытқа шейін

IMDb

ID 2955013

Close

Өмірбаян

Лиам Хемсворт Австралияның Мельбурн қаласында дүниеге келген. Анасы Леони ағылшын тілінен мұғалімі болса, әкесі Крейг Хемсворт әлеуметтік көмек ұйымының көмекшісі болған.[1][2] Жанұясында кенжесі, одан басқа Люк және Крис есімді ағалары бар. Олар да актер.

Лиам 8 жасқа толған кезде отбасымен кішкентай Филлип аралына көшіп кетеді.[3] Хемсворт ағалармен ол жерде көп уақыт бойы сёрфингпен айналысқанын айтады. Актерлік мансабын жалғастыру үшін 2009 жылдың наурыз айында ол АҚШ-қа көшіп келеді.[4] Алғашында Крис және Лиам Кристің агенті Уильям Уордтың үйінде тұрып жүреді кейіннен олар Лос Анжелестен пәтер жалдап тұрады.[5]

Киномансап

2007-2010: Карьерасының басталуы

Лиам ағаларының ізін қуалап оқушы кезінен мектеп спектакльдерінде ойнай бастаған. Кәсіби карьерасын 2007 жылы «Үйде және жолда» және «МакЛеод қыздары» деген хикаялардан бастайды.[6] 8 шілде 2007 жылы ағасы Люк ойнап кеткен «Көршілер» телехикаясына түсе бастайды.[7] Ол хикаяда аяғы істемейтін Джош Тейлор деген мүгедек спортшы кейіпкерін 2007-2008 жылдар аралығында сомдады.[8] 2008 жылы Лиам «Пілдердің ханшайымы» телехикаясында түсе бастады, ол жерде басты ролде Маркус есімді гитарашы жігітті ойнады.[6][9] Кейіннен «Қанағаттандыру» хикаясына және британдық «Үшбұрыш» триллеріне түседі.[6] Сонымен қатар ол «Белгі» фильмінде МТИ-дің студенті ролінде аздаған көріністерінде пайда болады.[10]

2009 жылы Сильвестр Сталлоненің Жанқиярлар фильміне Сталлоненің одақтасы роліне таңдалынады, бірақ та кейіннен сценарийден оның кейіпкерін қиып тастайды. 2010 жылы Николас Спаркстың бір аттас романы бойынша «Соңғы әуен» мелодрамасында Уилл Блейклиді сомдайды.[11] Фильмде Майли Сайрус ойнаған кейіпкеріне Хемсворт ғашығының ролін ойнады. Кейіннен Майли Сайрустың 16 тамыз 2009 жылы шыққан[12] «When I look at you» бейнеклипіне түседі.[13]

2009 жылдың күзінде Хемсворт Австралиялық Foxtel ақылы телевизиясының ұйымдастыруымен өткізілген мерекелік шарасына қатысады.[14] 2010 жылдың наурызында Details журналы болжауы бойынша Лиам Хемсвортты “Голливудтың келесі буындағы Алдыңғы Ер адамы” деп таңдалынады.[10] Кейін сол айда Чак Рассел режиссерлік ететін «Араб түндері» 3D экшн фильмінде басты ролде ойнайтыны белгілі болды.[15] Сонымен қатар Лиам «Солтүстік Шұғыла» киносында басты ролде ойнайтығын жариялады.

Хемсворт Nickelodeon Australian Kids' Choice Awards 2010 сыйлығының номинанты болған.[16] Ол және Майли Сайрус екеуі «Үздік сүйіс» номинациясын жеңіп алған.[16]

2010 жылы Хемсворт Zac Brown Band музыкалық тобының “Colder Weather” бейнеклипіне түскен.[17]

2011-қазіргі уақыт

4 сәуір 2011 жылы Lionsgate Аштық ойындарындағы Гейл Хоторнды ойнайтындығын жариялады.[18] 2011 жылы маусымда Эйми Тигарден және Тереза Палмер деген жұлдыздармен «Абырой мен махаббат» соғыс драмасына түседі.[19]

2013 жылы Хемсворт Эмма Робертспен бірге «Эмпайр Стейт» және Харрисон Форд, Гэри Олдмен, Эмбер Хёрд сынды актерлердің қатысуымен «Паранойя» фильмдерде ойнады.

Жеке өмірі

«Соңғы әуен» картинасынан кейін Хемсворт кинодағы әріптесі Майли Сайруспен кездесе бастайды.[20] Үш жылдан кейін 2012 жылы маусымда жұптар атастырылғандықтарын хабарлайды. Лос Анжелесте екеуі бірге тұрып жүреді[21] бірақ 2013 жылы қыркүйекте жұптары ажырасады.[22] 2014 жылы шілде айында Лиам “Сайрус екеуіміз ең жақын дос болып қала береміз” деп айтқан болатын.[23]

Лиам Австралия Балалар Қорының елшілігі. Ол бұл қор туралы: “Менің ата-аналарым әлемдегі ең кереметі. Олар бұл салада жиырма жыл жұмыс жасап келеді және олар әрқашан маған қолғабыс ететін. Әлем балалар үшін өте қауіпті, сондықтан олар үшін үй қауіпсіз мекен болуы керек.” деп айтқан. Лиам Хемсворттен өзіңізді балалар үшін батыр санайсыз ба дегенде, ол: “Мен балалар үшін батыр екенімді білмеймін, бірақ та олар үшін үлгілі батыр болғым келеді,” деп жауап берген.[24]

Фильмография

More information Фильмдері, Жыл ...
Фильмдері
Жыл Фильм Шынайы атауы Ролі
2009 Үшбұрыш Triangle Виктор
2009 Белгі Knowing Спенсер
2010 Соңғы әуен The Last Song Уилл Блейкли
2012 Аштық ойындары The Hunger Games Гейл Хоторн
2012 Абырой мен махаббат Love and Honor Микки Райт
2012 Жанқиярлар 2 The Expendables 2 Билли «балақай» Тиммонс
2013 Эмпайр Стейт Empire State Крис Потамитис
2013 Паранойя Paranoia Адам Кэссиди
2013 Аштық ойындары: Тұтанған алау The Hunger Games: Catching Fire Гейл Хоторн
2014 Аштық ойындары: Жорғаторғай. 1 бөлім The Hunger Games: Mockingjay - Part 1 Гейл Хоторн
2014 Кат Бэнк Cut Bank Дуэйн Макларен
2015 Аштық ойындары: Жорғаторғай. 2 бөлім The Hunger Games: Mockingjay - Part 2 Гейл Хоторн
Араб түндері Arabian Nights Али-Баба
Телехикаялар
Жыл Хикая Шынайы атауы Ролі
2007 Үйде және жолда Home and Away эпизод
2007 МакЛеод қыздары McLeod’s Daughters Деймон
2007-2008 Көршілер Neighbours Джош Тейлор
2008-2009 Пілдердің ханшайымы The Elephant Princess Маркус
2009 Қанағаттандыру Satisfaction Марк
Музыкалық клиптер
Жылы Аты Орындаушы Ролі
2009 «When I Look at You» Майли Сайрус
2010 «Colder Weather» Zac Brown Band
Close

Марапаттары мен номинациялары

More information Марапаттар, Жылы ...
Марапаттар
Жылы Нәтижесі Марапаталды Номинациясы Жоба
2013 Жеңіс People's Choice Awards Favorite On-Screen Chemistry (Дженнифер Лоуренс, Джош Хатчерсонмен бірге) Аштық ойындары
2012 Жеңіс Teen Choice Awards Choice Movie: Male Scene Stealer Аштық ойындары
2012 Номинация Teen Choice Awards Choice Male Hottie Аштық ойындары
2012 Номинация MTV Movie Awards Жыл серпіні Аштық ойындары
2010 Жеңіс Жас Голливуд Жыл серпіні Соңғы әуен
2010 Жеңіс Teen Choice Awards Choice Movie: Male Breakout Соңғы әуен
2010 Номинация Teen Choice Awards Choice Movie: Liplock (Майли Сайруспен бірге) Соңғы әуен
2010 Номинация Teen Choice Awards Choice Movie: Drama Соңғы әуен
2010 Номинация Teen Choice Awards Choice Movie: Chemistry Соңғы әуен
2010 Жеңіс Nickelodeon Australian Kids' Choice Awards 2010 Kids Choice: Fave kiss Соңғы әуен
Close

Дереккөздер

Сыртқы сілтемелер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.