ЛеңгірТүркістан облысы Төле би ауданындағы қала (1945 жылдан), аудан орталығы (1956 жылдан), темір жол станциясы

Географиялық орны

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Қала
Леңгір
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

аудан орталығы

Облысы

Түркістан

Ауданы

Төле би ауданы

Тарихы мен географиясы
Координаттары

42°10′56″ с. е. 69°52′32″ ш. б.42.18222° с. е. 69.87556° ш. б. / 42.18222; 69.87556 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

19 ғасыр

Қала статусы

1945

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

33 841[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

13

Леңгір картада
Леңгір
Леңгір
Леңгір картада
Леңгір
Леңгір
Close

Облыс орталығы – Түркістан қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 196 км, Шымкент қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 30 км-дей жерде, Бадам өзенінің оң жағалауында орналасқан.

Халқы

More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Саны (2009, 2021)[2]
2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
24642 32622 132,4 11945 15922 133,3 12697 16700 131,5
Close

Тарихы

Іргесі 19 ғасырдың 70-жылдарында қаланған. Ол кезде көмір шахталарына ие болған Ленгер-сай ауылы болатын. Қала атауының қайдан пайда болғаны туралы бірнеше нұсқа бар. Оңтүстік Қазақстан облысы әкімдігі Тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен шығарылған «Тәңірлік топонимдер (Оңтүстік ономастикасы)» атты кітабында Ленгер атауын Леңғар, Лаңғар сөздері негізінде алып қарастырады. Бұл сөздерге тәңірлік орфография деген сипат берілген. Бірақ ескі тұрғындар елді мекен шахталардың негізін қалаушы Лангир атты адамның атымен аталған деп мәлімдейді. Ол неміс немесе ағылшын болған. XIX ғасырда дәл осы мемлекеттердің геологтары сол жерде алғашқы барлау жұмыстарын жүргізген. Топонимист А. Әбдірахмановтың 1935 жылы жарық көрген «Топонимика және этимология» атты еңбегінде «Бұл Тәжікстан мен Өзбекстанда кең тараған атау. Зерттеуші Н.З.Розенфельдтің пікірі бойынша «якорь» мағынасындағы парсының «лянгар» сөзінен туындайды» дейді. Ал Розенфельд оны «аялдама, тоқтайтын жер» деп те түсіндіреді. Белгілі ғалым Э. М. Мурзаев Ленгерді «қонақ үйі» деген парсы сөзі деп қарайды. Топонимист Ленгер аты көбіне ескі керуен жолдары болып өтетін жерлерде кездесетінін айтады. ХІХ ғасырда жиһанкез Свен Гедин деген еуропалық үш жылдан аса Шығыс Түркістан, Тибет, Памир, Тянь-Шань (яғни Алатау) аймақтарын аралап, тамаша еңбек қалдырған. Сонда ол Ленгердің – Іліңгір, зәкір мағынасын беретінін тұжырымдайды.

Кәсіпорындары

Ленгерде «Ақмаржан» АҚ, «Балмұздақ»фабрикасы, Қазақстан — Иран бірлескен машина жасау зауыты, ауыл шаруашылығына қажетті қосалқы бөлшектер, құрал-саймандар шығарады: көмір өндіретін шахта, кірпіш-қыш зауытыты, астық қабылдау пункті,« Үміт» АҚ, «Шұғыла» АҚ, «Әсел» ӨК, күнбағыс және мақсары майын өндіретін бірнеше цехтар, сыра зауыты, т. б. кәсіпорындар бар. Оңтүстік алаңында Төле биге ескерткіш орнатылған[3].

Тағы қараңыз

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.