From Wikipedia, the free encyclopedia
«Ла-Ла Ленд» (ағылш. La La Land) — Дэмьен Шазелл түсірген америкалық трагикомедия жанрындағы мюзикл фильмі. Лентаның әлемдік премьерасы 2016 жылдың 31 тамыз күні Венециан халықаралық кинофестивальінде[1] өткізіліп, сол фестивальдің ашылу фильмі ретінде көрсетілді, ал Қазақстандағы премьерасы — 2017 жылдың 12 қаңтар күні. Фильм Лос-Анджелестегі жас актрисаға ғашық болған джаз пианошы туралы баяндайды.
Ла-Ла Ленд | |
La La Land | |
Жанры | |
---|---|
Режиссёрі | |
Продюсері |
Фред Бергер |
Сценарийдің авторы | |
Басты рөлдерде | |
Операторы |
Лайнус Сандгрен |
Композиторы |
Джастин Гурвиц |
Кинокомпания |
Black Label Media |
Ұзақтығы |
128 мин. |
Бюджеті |
30 млн $ |
Кассалық түсімі |
69 456 587 $ |
Мемлекет | |
Тілі | |
Шыққан жылы | |
http://www.lalaland.movie |
Фильмнің слоганы — «Ержүрек арманшылдарға арналады…» (ағылш. Here's to the fools who dream)
«Ла-Ла Ленд» туралы 2014 жылдың 5 маусымында фильмнің бас рөлдеріне Майлз Теллер және Эмма Стоун қарастырылған кезінде белгілі болды, бірақ көп кешікпей әртістің екеуі де жобадан кетті.[2] 2015 жылдың 30 сәуірінде олардың орнына Райан Гослинг және Эмма Стоун келді.
Фильмнің түсірілімі 2015 жылдың 10 тамыз күні Лос-Анджелесте басталды.[3]
Фильмге арнлаған өлеңдерді және музыканы Дэмьен Шазеллдің Гарвард университетіндегі курстасы Джастин Гурвиц жазып оркестрлеген.[4] Өлеңдер мәтінін "Start a Fire" (авторлары: Джон Ледженд, Гурвиц, Мариус де Фриз және Анжелика Синелу) өлеңінен басқа Бендж Пасек және Джастин Пол жазған.[5]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.