From Wikipedia, the free encyclopedia
«Лацио» (итал. Lázio) — Италияның Рим қаласындағы кәсіпқой футбол клубы. Қазіргі күнде Италия "А сериясында" ойнайды. Италияның екі дүркін чемпионы - 1974, 2000. Өз алаңындағы ойындарын Римдегі "Олимпико" стадионында өткізеді.
Клуб 1900 жылы 9 қаңтарда Тибр өзенінің сол жағалауында Societa Podistica Lazio деген атаумен құрылды. 1907 жылдан бастап аймақтық жарыстарға, 1929 жылы Италия чемпионатына қатыса бастады.
Алғашқы табысына 1958 жылы қол жеткізді (Италия кубогы). 1974 жылы тұңғыш рет Италия чемпионы атанып, ол жетістігін 2000 жылы қайталады.
1998/99 жылғы маусым қорытындысында клуб УЕФА Кубок иелері кубогын ұтып алды да, осы турнирдің ең соңғы жеңімпазы атанды (осы маусымнан соң бұл турнир УЕФА Кубогымен біріктірілді).
Клуб сапында әр жылдары Деметрио Альбертини, Кристиан Вьери, Роберто ди Маттео, Хуан Себастьян Верон, Эрнан Креспо, Роберто Манчини, Алессандро Неста, Павел Недвед, Мирослав Клозе, Марсело Салас, Яп Стам секілді атақты футболшылар доп тепті.
Италия чемпионаты
Италия кубогы
Суперкубок
Б сериясы:
Суперкубок
УЕФА кубогы
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.