From Wikipedia, the free encyclopedia
Латерит (лат. later — кірпіш) — саз, тас құрамды шөгінділер; ылғал тропиктік және субтропиктік аймақтарға ғана тән қызыл темірлі немесе темірлі-алюминийлі тығыз зат. Латерит құрамы әр түрлі алюмосиликаттық тау жыныстарының бетінде жатады. Тасты Латериттер кеуек, бұршақ, микроконкрециялар түрінде, ал сазды Латериттер үгілмелі болып келеді, ауада тез қатаяды. Үгілуден, шайылудан, тау жыныстарының сілтілі және сілтілі-жер металдарынан (K, Na, Ca, Mg), кремнийден арылуы және темір, алюминий, титан, марганец оксидтері мөлшерінің көбеюі нәтижесінде (15 — 20%-дан 80 — 90%-ға дейін) қалыптасады. Ұзаққа созылған геологиялық уақыт ішінде климаты ылғалды жерлерде және түрлі көне жер бедерінің қалдықтарында, алюмосиликаттарға бай тау жыныстары таралған аймақтарда кездеседі. Оның қалыңдығы бірнеше метрден 50 метрге дейін жетеді. Тау жыныстарының құрамына қарай Латерит бокситті, никельді, темірлі, марганецті болып келеді.
К. Табылдиев
Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
Бұл — мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.