Лантаноидтар, лантанидтер (лантан және грек. lіdos — бейне, түр), элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобында лантаннан кейін орналасқан; атомдық номері 58 — 71 аралығындағы 14 химиялық элементтің [Ce (атомдық номері 58), Pr (59), Nd (60), Pm (61), Sm (62), Eu (63), Gd (64), Tb (65), Dy (66), Ho (67), Er (68), Tm (69), Yb (70), Lu (71)] тобы (шоғыры). Сирек жер элементтері тобына кіреді. Лантаноидтар екі топқа бөлінеді: церийлі (Ce-ден Eu-ге дейін) және итрийлі (Gd-ден Lu-ге дейін). Ce-ден Gd-ге дейінгілері жеңіл Лантаноидтар, ал Tb-ден Lu-ге дейінгілері ауыр Лантаноидтар деп аталады. Лантаноидтардың жер қыртысындағы мөлшері (массасы бойынша) 1,610–2%. Лантаноидтардың физикалық және химиялық қасиеттері ұқсас болғандықтан оларды бір-бірінен бөліп алу өте қиын. Бұл электрондық бұлттар құрылысының ұқсастығымен түсіндіріледі. “Итрийлі жерді” 1794 ж. Фин химигі Ю.Гадолин (1760 — 1852) минералдар құрамынан тауып, гадолинит деп атады. 1803 ж. М.Клапрот (1743 — 1817) және Й.Я. Берцелиус (1779 — 1848) жаңа “церийлі жерді” анықтады. Лантаноидтар күмістей ақ түсті (кейбіреулері аздап сарғыш, мысалы, Pr және Nd) металл, созылғыш әрі иілгіш. Лантаноидтар химиялық активті, олар берік оксидтер, галогенидтер, сульфидтер түзеді; сутек, көміртек, азот және фосформен әрекеттеседі. Суды ыдыратады, тұз, күкірт және азот қышқылдарында ериді. Лантаноидтар нашар еритін тұздардың қорғағыш қабықшасымен жабылғандықтан тұрақты болып келеді. Органикалық қосылыстармен кешенді қосылыстар түзеді. Барлық Лантаноитарды олардың тұзды балқымаларындағы қосылыстарын электролиздеу арқылы алуға болады. Механикалық коррозияға тұрақтылығын, ыстыққа төзімділігін арттыру үшін Лантаноидтарды болат, шойын, т.б. құймаларға қоспа ретінде, шынылардың арнайы түрлерін алу үшін, атом техникасында, т.б. қолданады. Лантаноидтар қосылыстарын лактар дайындау, радиоэлектроникада катодтар жасау үшін, тері, мақта-мата өнеркәсібінде, т.б. мақсаттарда пайдаланылады.


Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.