![cover image](https://wikiwandv2-19431.kxcdn.com/_next/image?url=https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/59/PDB_1b8e_EBI.jpg/640px-PDB_1b8e_EBI.jpg&w=640&q=50)
Лактоглобулин
From Wikipedia, the free encyclopedia
Лактоглобулин (латынша lactis - сүт және globulus - түйіршік) - сүт сарысуының құрамында болатын ақуыз.
Суда нашар, ас тұзы ерітіндісінде жақсы ериді. Кристалл күйінде алынған. Молекулалық массасы 38000. Сиыр сүті құрамындағы ақуыздың 11%-і лактоглобулин үлесіне келеді. Лактоглобулин құрамында амин қышқылдарының барлық түрі бар. Сондықтан сүт - құнарлы тағам болып есептеледі.[1]