Көшетхана
From Wikipedia, the free encyclopedia
Көшетхана немесе көшетжай (орыс. парник) - көкөніс және гүл көшеттерін, сондай-ақ ерте пісетін көкөніс өсіруге арналған жабық құрылыс. Жылыжайға қарағанда ауданы және сиымдылығы жағынан кішірек болып келеді. Сонымен қатар, жұмыс істеу мерзімі және жабдықталуы жағынан айырмашылықтары бар. [1]
![Thumb image](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b3/%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B8%D0%BA.jpg/640px-%D0%9F%D0%B0%D1%80%D0%BD%D0%B8%D0%BA.jpg)
Қалмасына қарай көшетжайлар бір еңісті және екі еңісті болып ажыратылады. Шұңқырға және тегіс жерге жасалады, соңғысының орнықты әрі жылжымалы түрі болады. Жылыту үшін күн сәулесі, биологиялық (био отын жылуы) не техникалық (әр түрлі жылыту қондырғылары) жылу пайдаланылады. Тәуліктің суық кезінде беті шынылы жақтау немесе жарық өткізгіш полимер үлбірлермен жабылады. Жыл маусымына қарай ерте, қалыпты және кеш пайдаланылатын түрлері бар. Ақпанның соңынан наурыздың басына дейін ерте көшетхана , наурыздың 2- жартысынан — қалыпты көшетхана, ал сәуірдің басынан кеш көшетхана пайдаланылады.[2]