Көтібар Бәсенұлы
қазақ батыры, әйгілі Есет Көтібарұлының әкесі / From Wikipedia, the free encyclopedia
Көтібар Бәсенұлы (1757 – 1833) – халық батыры. Кіші жүз құрамындағы шекті руынан шыққан. Бәсен батырдың бес баласының біреуі. [1][2][3] Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалысы кезінде сарбаз жинап, Ресей үкіметінің отарлау саясатына қарсы күрескен.[4] Жайық бойындағы бекіністерге бірнеше рет шабуыл жасаған. Көтібар батырдың жеті баласы болған, үлкені – атақты Есет Көтібарұлы батыр тарихи тұлға. Көтібар Бәсенұлы – “Айман-Шолпан” дастанында, М.Әуезовтің осы дастан желісімен жазылған пьесасының кейіпкері.[5][6] 1833 жылы Ресей патшалығына қарсы қарулы ұлт-азаттық көтерілісін ұйымдастыру кезінде Ресей патшасының жалдамалы бас кесерлерінен қаза табады.[3] Халық өз қаржыларына 2000 жылы Көтібар батырға Мұғалжар ауданы Ақкемер ауылында жаңадан кесене тұрғызады.[3]
Дереккөздер
- Дала Геркулесі. Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 2008. ISBN 9965-21-804-8
- Қанатты сөз – қазына. 1-кітап. Кеңес Оразбекұлы. – Litres, 2020. ISBN 9785042562884
- Зердесінде Ұрпақтың - Ұжмақ Елі - "... Жазбады-ау, демесін". Тауман Төреханов. – Алматы: Атамұра Корпорациясы, 2001. ISBN 9965-00-029-8
- Тауман Төрехановтың ресми сайты, http://www.tauman-torekhanov.com, 2021 жылдың 7 қантар күні тексерілді
- "Қазақстан" ұлттық энциклопедиясы, Қазақ энциклопедиясының редакциясы, 1998 жыл, 10 томдық.
- Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл. ISBN 9965-607-02-8
![]() | Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
![]() | Бұл мақалада еш сурет жоқ.
Мақаланы жетілдіру үшін қажетті суретті енгізіп көмек беріңіз. Суретті қосқаннан кейін бұл үлгіні мақаладан аластаңыз.
|
![](http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/5f/Disambig_gray.svg/22px-Disambig_gray.svg.png)
![]() |
Бұл — тұлға туралы мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. Бұл ескертуді дәлдеп ауыстыру қажет. |