Көк Ніл, Көгілдір Ніл (араб.: النيل الأزرق‎) — Африка құрлығындағы Ніл өзенінің ірі саласының бірі. Ұзндығы 1600 км, су жиналатын алабы 330 мың км². Бастауын Шығыс Африкадағы Чоке тауынан алып, Тана атты тектоникалық көлге дейін Кіші Аббай, одан шыққаннан кейін Аббай аталады.

Thumb
Бахр-Дар қаласының маңы, Эфиопия (2018 ж.).
Thumb

Эфиопия таулы қыратын ирелектеп кесіп өтіп, солтүстікке қарай бағыт алады. Өзен Судан аумағында, Хартум қаласы маңында Ніл өзеніне құяды. Басты салалары — Рахад және Диндер.

Көк Ніл Ақ Ніл өзеніне қарағанда анағұрлым қысқа, бірақ, өзеннің Нілді сумен толықтырудағы маңызы зор. Эфиопия таулы қыратында жазда жауатын жаңбырдан кейін суының деңгейі көтеріледі. Орташа су ағымы жыл ішінде 127 м3/с-тан 5822 м3/с-қа дейін өзгереді.

Өзенге 2 СЭС салынған. Сағасынан 580 км-ге дейін кеме жүзеді.[1]

Дереккөздер

  1. «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.