From Wikipedia, the free encyclopedia
Көбекті төбе (Göbekli Tepe), қазақша Кіндік төбе деп те атауға болады — тас діңгектер кешені, Түркияның шығыс оңтүстік Анатолия өңіріндегі Шанлыурфа қаласынан солтүстік шығысқа қарай 12 км қашықтықта орналасқан. 37°13′23″ с. е. 38°55′21″ ш. б.37.22306° с. е. 38.92250° ш. б. (G) (O) (Я) Төбе (қолдан жасалған) 15м биік, оның диаметрі 300м.[1] Ол теңіз деңгейінен 760м биік.
Көбекті төбе | |
---|---|
(ағылш.) Göbekli Tepe* | |
ЮНЕСКО-ның Әлемдік мұрасы | |
Көбекті төбе қазбалары | |
Ел | Түркия |
Түрі | Мәдени |
Критериялар | (i), (ii), (iv) |
Сілтеме | [[1] 1572] |
Аймақ** | Өреншік, Шаңлурфа (провенция), Түркия |
Қосылуы | 2013 шілде (белгісіз-сессия) |
Картадағы Көбекті төбе | |
* Атауы ағыл. ресми тізімінде ** ЮНЕСКО-ның классификациясы бойынша аймақ |
Түрікше Göbekli - "кіндік" дегенді, Tepe - "төбе" дегенді білдіреді, яғни Кіндікті төбе деген мағынада. Оны алғаш 1994 жылы қой бағып жүрген малшы кісі байқаған.
Көбекті төбені Неміс археология қоғамының мүшесі Клаус Шмидт (Klaus Schmidt)[2] зерттеді және қазуға қатысып, оның жасын б.з.д. 10-8 ғасырларға тән деп есептеді.[3] Зерттеу бойынша Көбекті төбе екі кезеңнен тұрады, алдыңғысы При-Қышқұмыра Неолит А (Pre-Pottery Neolithic A, PPNA) кезеңіне тән болып, жаппай Т-пішінді тас діңгектер салынған. Ол әлемдегі ең көне мегалит есептеледі.[4]
Екінші кезең При-қышқұмыра Неолит B (Pre-Pottery Neolithic B, PPNB) кезеңі болып, тас бағандар кішірек және жылтыратылған әкті едені бар тіктөртбұрыш бөлмелерде тұрғызылған. Көбекті төбе кешені При-құмыра Неолит Б (PPNB) кезеңінен кейін қолданудан қалған. Жас құрылымдар классикалық кезеңге сәйкес келеді.
Сөйтіп, бұл тас діңгектер кешені адамзаттың осыдан 11 000 жыл бұрынғы (Б.з.д.9400ж шамасы) бағызы мәдениеттен хабар береді. Бұл деген сөз, Көбекті төбе Мысыр пирамидаларынан бақандай 7 000 жыл бұрын, Стоунхенджден 6000 жыл бұрын салынған, яғни адамзаттың бүгінге дейін табылған ежелгі мәдениет ошақтарының ең көнесі есептеледі. Оны ежелгі мәдениеттің діни шоқыну орыны деп жорамалдаушылар да, немесе әлдебір әлеуметтік орын болған деп жорамалдаушылар да бар.
2020 жылдың мамыр айына дейін геофизикалық зерттеулер бойынша, 20 шақты шеңберде 200 шамасында тас баған байқалды. Әрбір бағанның биіктігі 6м, ал салмағы 10 тоннадай. Олар жерге қойылған оймалы тағантасқа орнатылған.[5]
Құрылымның қызметі әлі де сырлы болып тұр. Қазу жұмыстары 1996 жылдан бастап Неміс Архиеология Институты жағынан жүргізілуде, бірақ көп бөлігі әлі ашылған жоқ. 2018 жылы өңір UNESCO халықаралық мұралар тізіміне енді.[6]
Көбекті төбеге алғаш рет 1963 жылы Стамбул университеті мен Чикаго университеті ғылыми зерттеу жүргізіп, онда байқалған шағылған тас қадаларға негізделіп, бұл өңірді орта ғасырлық мәдениетке тән көне қаланың орны деп таныған болатын. Олар Көбекті төбені Византия империясының алғашқы мезгіліндегі күйреген қала орны деп есептеп, көп мән бермеді. Американ археологі Питер Бенедикт төбе бетінен жинап алынған литикалардың Акрамикалық неолит дәуіріне жататынын анықтады, бірақ тас бағандарды (Т-пішінді бағандардың жоғарғы бөліктері) қабір тасы деп қате түсініп, тарихқа дейінгі кезеңнің орнын Византия зираты басқан деп есептеді. Төбе ұзақ замандар бойы егіншілік орны болған екен, сондықтан әр дәуірдегі жергілікті тұрғындар бетіндегі тастарды тасып апарып әр жерге үйген, бұл Көбекті төбе мұрасының жоғарғы қабатын бүлдіреді. Диқандар тас бағандарды табиғи тастар деп ойлаған болуы мүмкін, кейбір кезде біреулер бағандарды бұзуға да талпыныс жасапты.
1994 жылы Невалы Чори-де жұмыс істеген Германия археология институтының қызметкері Клаус Шмидт қазатын басқа жер іздеп, Көбекті төбе төңірегіндегі археологиялық белгілермен танысады, әрі 1963 жылғы Чикаго зерттеушілерінің Көбекті төбе туралы зерттеулерін тексереді де, бұл өңірдің адамзаттың алғашқы қозғалыс өңірінің бірі болғанын аңғарады. Ол мыңдаған жыл бұрын бұл өңірде неше жүздеген адамның бірігіп жұмыс жасағанын, аталған төбе айналасынан тек 15 метрдей ғана биік екенін, демек оның жай қарауыл төбе еместігін түсінеді. Тіпті де маңыздысы, ол бұл тас бағаналардың Византия заманындағы тас бағаналарға ұқсамайтынын, оның тарихы тым арыда жатқанын мөлшерлейді. Сөйтіп ол өңірді қайта қазуды жоспарлайды.
Келесі жылы Шмидтпен Неміс археология қоғамы, және Шанлыурфа мұражайы бірлесіп қазу жұмыстарын жүргізіп, бірталай Тас бағандарды қазып алды. Олар жер астында қатар-қатар тізілген күйде шеңберді құрап көміліп жатқан екен. Шеңбер орталығында Т пішінді екі алып тас баған орнатылыпты.
Көбекті төбе стратиграфиясы кем дегенде Таяу Шығыстағы Эпипалаеолит кезеңіне дейінгі адамзат қимылынан дерек береді. Кезеңді анықтау құрлылымы бойынша, Көбекті төбе құрылысы При-қыш Неолит А кезеңінде, яғни б.з.д. 10-шы мыңжылдықта жасалған. Соған ұқсас кішірек құрылыстар При-қыш Неолит кезеңінде, яғни б.з.д. 9-шы мыңжылдықта жасалғанн.[7]
Көптеген Радиокөміртекті анализ материалдары жарияланды:[8]
Лаб-Номері | Контекст | уақыт б.з.д. |
---|---|---|
Ua-19561 | Қосымша C | 7560–7370 |
Ua-19562 | Қосымша B | 8280–7970 |
Hd-20025 | Қабат III | 9110–8620 |
Hd-20036 | Қабат III | 9130–8800 |
Hd үлгілері ретінде қорымның ең төменгі деңгейіндегі көмір алынған, сондай-ақ III деңгейдің белсенді кезеңі аяқталғанға дейінгі уақытты бейнеледі, бірақ құрылымның нақты уақыты бұдан да көне. Ua үлгілері ретінде тас бағандардағы педогендік карбонат жұғындылары алынды, және тек қорым қолданыстан шыққанан кейінгі уақытты көрсетеді - дейінгі шекті (terminus ante quem).[9]
Қазірге дейін аталған тас бағандар кешенінен Шақпақ тастан қашалған 45 кесек тас баған қазып алынды. Тас бағандардың биіктігі 6 м, салмағы 20 тонна шамасында болып келеді. Олар арасы 2-4 метр етіп шеңбер пішінде орнатылған. Жорамал бойынша әлі де көп тас бағандар қазып алынуы мүмкін. Өйткені жердің электромагнит өрісі арқылы бақылау бойынша әліде неше жүздеген тас бағандардың қазуды күтіп жатқаны айқындалған.
Тас бағанның пішіні жалпақ пішінді діңгек қадалардан және Т пішінді тас бағандардан құралған. Ол Англиядағы Эйвбериге (Avebury) де, Стоунхендж (Stonehenge) тас бағандарына да ұқсап кетеді. Бұл тік бағандардың көп сандысына жабайы шошқаның, үйректің, ұзын жыланның, су шаянының, түлкінің, арыстанның кескіні қашалған.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.