КүршімШығыс Қазақстан облысы Күршім ауданындағы ауыл, аудан және Күршім ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны

Quick Facts Әкімшілігі, Ел ...
Ауыл
Күршім
Әкімшілігі
Ел

 Қазақстан

Статусы

Аудан орталығы

Облысы

Шығыс Қазақстан

Ауданы

Күршім

Ауылдық округі

Күршім

Тарихы мен географиясы
Координаттары

48°33′53″ с. е. 83°39′37″ ш. б.48.56472° с. е. 83.66028° ш. б. / 48.56472; 83.66028 (G) (O) (Я)

Құрылған уақыты

1914

Бұрынғы атаулары

Кумашкино

Уақыт белдеуі

UTC+5:00

Тұрғындары
Тұрғыны

8 462[1] адам (2023)

Сандық идентификаторлары
Автомобиль коды

16

Күршім картада
Күршім
Күршім
Күршім картада
Күршім
Күршім
Close

Облыс орталығы – Өскемен қаласынан оңтүстікке қарай 210 км, Күршім өзенінің сол жақ жағалауында орналасқан. Өскемен каласымен Күршім ауылының арақашықтығы – 220 км; Семейге дейін – 400 км; Астанаға дейін – 1250 км; Алматыға дейін – 1250 км.

Тарихы

Шығыс Қазақстан облысының аумағы соңғы жүз жылда талай әкімшілік-аумақтық реформаны бастан өткізді. Алтай-Күршім, Нарым, Бұқтырма уезінің Тимофеев болысының бір бөлігінен, Зайсан уезінің Дарственное, Нарым болыстарынан, Өскемен уезінің Бөкен болыстарының бір бөлігінен 1928 жылы «жинақталып» құралған Күршім ауданы Семей округінің 23 ауданының бірі болып бекіді. Округтік орталығы Семей қаласы, ал әкімшілік орталығы болып Кұмаш ауылы белгіленді. Омар болыстың басқаруы кезінде, 1898 жылы Құмаш атты татар саудагері осы жерде дүкендер, қоймалар, саман үйлер салып, жаңадан қаланған мекен саудагер атымен 1957 жылға дейін «Кумашкино» деп аталған. Күршім ауылы орналасқан жердің тарихи атауы «Ақарал» (кейбір деректерде Қарашілік). Негізі 1914 жылы қаланған, 1927 жылдан аудан орталығы. 1965 жылы Құмаш ауылы Күршім ауылы болып өзгертілді.

Халқы

More information 2021 2009-ға пайызбен, Ерлер 2009 ...
Саны (1999, 2009, 2021)[2][3]
1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен
10502 9002 8546 94,9 4374 4193 95,9 4628 4353 94,1
Close

Дереккөздер

Wikiwand in your browser!

Seamless Wikipedia browsing. On steroids.

Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.

Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.