From Wikipedia, the free encyclopedia
Күн электр станциясы немесе гелиоэлектрлік станция — электр энергиясын өндіру үшін Күн радиациясын пайдаланатын электр станциясы. Күн электр станциясының негізгі екі түрі (термодинамикалық және фотоэлектрлік) бар.
Фотоэлектрлік күн электр станциялары фотоэффект құбылысы негізінде жұмыс істейді. Күн элементтері немесе фотоэлемент күннен түскен зарядтарды түрлендіреді және жартылай өткізгіштің ауысуында ЭҚК тудырады. Қазіргі фотоэлементтер толығымен кремнийден жасалады. Оның ең көп тараған түрі кристалдық фотоэлементтер. Олар жылтыр, көк түсті болады. Аморфты және кристалдық фотоэлементтер тегіс, және жарық түсуіне байланысты түсін өзгертеді. Монокристалдық кремний поликристалдықтан қарағанда сапасы жоғары, бірақ қымбат. Күн элементтерінің қуаты орташа 0,7-0,75 Вт құрайды. Көбірек қуат алу үшін күн элементтерін тізбектей жалғап күн модульдерін құрайды, ары қарай күн батареясына жинақталады.[2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.