From Wikipedia, the free encyclopedia
Күнбағыс майы — күнбағыс дәнінен алынатын май. Оның иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған және қоспадан тазартылмаған түрлері шығарылады. Иісі кетірілген, қоспадан тазартылған, гидрадталған майлар мөлдір, сары, ашық-сары түсті болып келеді. Сонымен бірге олар тұнғанда су жиналмалы. Қоспадан тазартылмаған майдың түсі ашық-сары келеді, өзіне тән иісі болады. Тұнғанда аздап су жиналады. Ал иісі кетірілген май әйнек немесе полимерлік герметикалы ыдысқа құйылып шығарылады. Күнбағыс майының құрамында ағза үшін өте бағалы, толық қаныққан қышқыл зат (60—70%) болады. Бұл майды салаттарға, соустарға, тұздықтарға қосады, ет, балық, көкөністер мен қамырдай әзірленетін кейбір тағамдарды қуыруға пайдаланылады.
Ресей империясында қолданыла бастады. Даниил Бокарев 1829 жылы майды дәннен алу әдісін тапты.4 жылдан соң 1833жылы Ресейдегі ең бірінші май өндіруші завод құрылды. 1834 жылы Бокарев жеке фабрика ашты. 1835 жылы шет елдерге экспорттай бастады. 1860жылы Алексеевкада шамамен 160 завод болды.
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.